Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:
- Нұрлан Қоянбаев, яғни мына кісі «Бизнес по-казахски в Корее» фильмінің тұсауын кесті! Комедияның бұл бөлімі де табысы жағынан рекорд орната ала ма? Мұны әрине фильмінің продюсері яғни Нұрлан мырзаның өзінен сұрап көрейік. Жүріңіздер.
Алайда, продюсерден жауап алу біз ойлағандай оңайға соқпады. Кештің басты жұлдызына айналған Қоянбаев суретке түсіп, қонақтарды қарсы алудан қолы босамады.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер, актер:
- Нұрлан, тұсаукесер құтты болсын!
- Рахмет!
- Шетелге бүкіл киногерлерді яғни ұжымдарыңызды алып шығу ол қымбат қой. Қанша шығын кетті?
- Ең қиыны Африкада, ең қымбаты Кореяда болды. Ең өзіме ыстық болғаны, Қазақстанда түсірілгені.
- Нұреке, әр шығарма, әр туынды ол автордың өз баласындай сіз мысалға өзіңіздің кинолардыңызды жақсы білесіз. Бұған дейінгі «Бизнес по-казахскидің» бөлімдері 500 млн-нан кем тапқан емес табысы. Бұл балаңыз қанша қаржы алып келер екен.
- Басты мақсат - көрерменге ұнау. Егерде көрерменге ұнаса, яғни біз көңілінен шықсақ яғни біз өзіміздің қаражатымызды қайтаруға болады.
Бұл кеште «Найнти уандықтар» шараның басты мейманына айналды. Q-pop өкілдері топтың мембері Эйсты қолдауға келген еді. Комедияда Азамат Ашмақынға қызықты рөл бұйырғанды. Еске салсақ, бұл оның осы жылы төбе көрсеткен екінші картинасы.
Ace, «Ninety One» тобының мүшесі:
- Азамат кезекті туындың биылғы, сен өзіңді осыған орай, сұраныстағы актермін деп санайсың ба?
- Әлі де ондай ой, ондай туған жоқ. Мен бұл өзімнің шығармашлығымның бастауы деп санаймын және де бұл рөлде мен әлі де өзімнің көрсеткішімді
көрсеттім деп айта алмаймын.
- Азамат «Ninety one» тобының ішінен сені ғана фильмге түсуге шақырады. Немесе басқа жігіттер түскісі келмей ме?
- Бізде әр баланы өзінің бір андай қызығушылықтары болады.
- Сенің фильмге түскің келеді?
- Мысалыға мен өзімді сынап көргім келді.
Алайда, Эйс су жаңа картинада небәрі бірнеше сахнада ғана бой көрсеткен. Есесіне, Рамазан Амантай бұл жолы да фильмнің басты кейіпкері.
Рамазан Амантай, актер:
- Сен қателеспесем, президенттің рөлін сомдайсың, иә?
-Иә иә, бір өзімді кішкене президент сезінгеннен кейін, ұнайтын шығар деп ойлаймын.
- Жақсы, гонорар жағы, әр бөлімі сайын өсіп жатыр ма, гонорар немесе сол тұрақты қалыпта қалып жатыр ма?
- Жоқ өсіп жатыр, жасымен қарай бірге өсіп жатыр гонорарым да шүкір жақсы. Әлі студентпін, бай студентпін деп айта аламын.
Еске салсақ, су жаңа картинаның сюжет желісі Оңтүстік Кореяда өрбиді. Бұл жолы Еркош таңғы балғындық еліне аттанған Жомарт пен Аленның артынан іздеп бармақ болады. Алайда, ол рейсінен шатасып, Солтүстік Кореялықтардың тұтқынына түседі.
Фильмде сондай-ақ, Гүлназ Жоланова мен Дариға Бадықова да басты рөлде.
Дариға Бадықова, актриса:
- Қалай болды түсірілім жұмыстары?
- Енді біз енді өзімізге салсақ мақтай береміз конечно. Өз ісің болғаннан кейін.
- Көрдіңіздер ғой фильмді?
- Көрген жоқпын өйткені, менде не бар атмосферасын бірге сезіну үшін, переживанияны сезіну үшін, вообще монтажды бірге көрейік деп шақырады ондай кезде бармаймын залдан көрген ұнайды. Гүлназ екеміз солай шештік, не болса да, қазір енді бүкіл позорға неге дайын болып отырмыз.
Алайда, алғашқы көрерменнің фильмге берген бағасы оң болды. Мәселен, Ақбота Сейітмағамбет «комедияны көріп, туған-туыстарыма деген сағынышым оянды», - деп отыр.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші:
- Төрт бөлімнің ішіндегі маған ұнағаны, «Бизнес по-казахски в Африке» и осы в Корее. Өте тамаша, өзімнің де бауырларым, туысқандарым Кореяда қазір, жұмыс жасап жатыр, оның үстіне оқып жатыр менің інім. Сағынып кеттім барғым келіп кетті.
«Бизнес по-казахски в Корее» комедиясы 26-шы желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тарпақ!