«Time» табысты әйелдіер тізімін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі «Time» басылымы өз саласында жетісістікке жетіп, тарихта тұңғыш атанған 28 әйелдің есімін жариялады. Танымал журнал жасақтаған бұл тізімге спорт, мәдениет, саясат, сән сынды әр саланың аруларын байқай аласыз.

Шоу-бизнес өкілдері арасынан, «Time»-ның таңдаулыларына Cardi B енді. Адуынды әнші Грэмми марапатының үздік «рэп-альбом» аталымын еншілеген тарихтағы бірінші бикеш. Ал оның "Bodak Yellow" хиты бірнеше апта қатарынан музыкалы чарттардың көшін бастаған еді.

Рианна да бұл тізімнен табылды! Әнші халықаралық LVMH холдингіне енген киім брендінің басшысы атанған алғашқы афроамерикалық әйел. Одан бөлек ол альбомы 200 апта бойы «Billboard»-тың «үздік жинақ» тізімінен түспеген тұңғыш қара нәсілді ару атанды.

Сондай-ақ, «Алтын глобусты» екі мәрте иемденген тұңғыш азиялық актриса ретінде Сандра О, «Оскарға» «үздік әйел образы» аталымы бойынша үміткер атанған алғаш үндіс тайпасының өкілі Ялица Апарисио да бұл тізімге енді.