Әсел Асқарды ауқымды жобалардан алып тастаған қандай лауазымды

Сообщить о проблеме с эфиром

Бәсекесі бітпейтін өнер әлемінде арқаңнан қағып тұрып, аяғыңнан шалатындар жетіп артылады. Мәселен Әсел Асқарды үлкен жобадан шеттетіп тастағандар болыпты. «Талантым жетпегендіктен емес, алдымызды орап кетеді-ау»- деген қорқыныштан болса керек. Рөлімнен алып тастады. Бұл көре алмайтындар мен күндестердің алдымды кес-кестеуі» -дейді актриса.

Әсел Асқар, актриса:

– Білмеймін ғой, ұнамай қалған шығармын. Мен бір істі қолға алсам соңына дейін жеткізетін адаммын. Сол табандылығым жақпай қалды ма екен... Қазір бұл жайлы ашып айтпай-ақ қояйын. Өтіп кетті ғой. Бірақ өте ауқымды жоба болатын.

«Әселдің жағдайын жақсы түсінемін» деген Әбунасыр Серіков, кино әлемінде танысы мен туысын тартқылау белең алып тұрғанын айтады. Және «әлі де болсын актерларға көңіл бөлінбей жатыр» деген ол, іштегісін бүгіп қалғысы жоқ екенін жеткізді.

Әбунасыр Серков, актер:

– Қанша біздің жастарымыз шет елге жұмысқа кетіп қалды. Америка бар, Еуропа бар. Себебі бәрі қызыл дипломға бітірген. Бізде жұмыс жоқ. Ол 60-70 мыңды квартираға төлей ма? Жоқ әлде тамағын іше ма? Жоқ әлде достарының тойына бара ма?

Ал актриса Дариға Бадықова болса, өзін нағыз бақытты актрисалардың қатарына жатқызады екен. Себебі «түрлі ауқымды жобаларға ағаларымды жетектеп емес, талантымды ұштап барамын. Әзірге бірде-бір есік алдымнан жабылмапты. Тіпті сәтсіздіктер орын алған күнде де еңсем түскен емес» дейді.

Дариға Бадықова, актриса:

– Менің жасым келген сайын жолым болғыш актрисалардың қатарына енемін. Мен ондай Асанқайғыланып, қара аспанды төндіретін әйел емеспін. Өйткені менің өзімнің ауыратын бір дүнием бар – өнер. Мен өнермен ауырғаннан кейін, ондай нәрсені аса сезе бермеймін.

Ал «әділетсіздік құрбаны болып жүрген жастар тығырықтан жолды өздері табады. Өйткені олар бізден пысық» деген актриса, бұл күнгі жас буынның жігері мықты екенін айтады.

Дариға Бадықова, актриса:

- Мен жастарға ақыл айта алмаймын. Ойбай жастар бәле қазір. Бізге ақыл айтады қазір.

Бәсеке бар жерде өсу мен дамудың болатыны белгілі. Бірақ аяқтан шалу – көптенген адамның еңсесін көтертпей құрдымға жіберетіні тағы бар.