«IndieWire» журналы 2019 жылдың топ фильмдер тізімін ұсынды! Ол үшін әйгілі басылым 304 киносыншының пікірін тыңдап, үздіктерді топтастырған еді. Көптің пайымынша, «Паразиты» лентасы көш бастайды.
Оңтүстік кореялық режиссер Пон Чжун Хоның қолынан шыққан бұл туынды 72-ші Канн фестивалінің «Алтын пальма бұтағын» еншілеген еді. Комедия-драмалық бағытта тасапаланған картинада байлардың арқасында күнін көріп жүрген кедей отбасының бастан өткергені баяндалады.
Майталман киногер Мартин Скорсезенің «Ирландық» атты драмасы да көруге тұрарлық туындылар қатарында. Фильм Чарльз Бранд романының желісімен таспаланған. Онда Роберт Де Ниро, Аль Пачино сынды голливуд жұлдыздары төбе көрсетеді.
Скарлет Йохансон басты рөлді сомдайтын «Сәтсіз неке» де тізімде бар. Картина отбасындағы жағымсыз жағдай мен ажырасуға бел буған жұбайлардың оқиғасын баяндайды.
Сондай-ақ, Квентин Тарантиноның «Бір күні Голливудта» лентасы мен «Джокер» фильмі де үздіктер қатарына енді.