Дана Есеева бизнеспен айналысып жүргенде төрт баласына кім қарайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дана Есеева «бір қолымен бесігін тербетіп», екіншісімен кәсібін дөңгелетіп, вайндарға да түсіп, құрбыларымен қыдырып, жарының көңілін табуға да уақыт тауып жүр. Нәзік иығына осынша ауыртпалық артықтау болар еді. Жанына жалау болар жәрдемшілері барын жасырмайды.

Дана Есеева – бизнесвумен, көпбалалы ана

- Нянямыз бар, бірақ, ол няня көбінесе әжеге көмекші ретінде. Балаларды жалғыз нянямен қалдырмаймыз. Міндетті түрде әже немесе қайын апайым қасында болады.

Бөтен біреуге баланы басыбайлы сеніп тапсыруды Рано Умарова да оғаш санайды. Әмірхан есімді атұстарына үш жасқа дейін қарасуға көмекші жалдаған әнші қауіпсіздік қашан да маңызды, - деген ұстанымда.

Рано Умарова, әнші

- Жәрдемшіңнің болғаны жақсы, тек, оны бөбегіңмен жалғыз қалдыруға қарсымын. Үйде бейнебақылау камералары болса ғана оларды оңаша тастауды құп көремін.

Бейнебақылау Айнұр Ілиясованың да өмірін едәуір жеңілдеткен. Қос ханшайымын бала күтушімен бірге қалдырса, міндетті түрде қадағалап отырады. Дегенмен, қызметшісінің адами қаситтеріне көбірек мән беретінін айтады.

Айнұр Ілиясова, актриса

- Ең бастысы, менің ойымша, ниеті таза болу керек, жүрегі ақ болу керек және баламен тіл табыса алу керек. Ал оның жасы 18 ба, 58 ба бәрібір.

Ал Дана Есеева күтушінің өз баласы болу керек деген талапты алға тартады. Қызметін күнара атқаратын көмекшісін тамыр-таныстың ұсынысымен қабылдаған көрінеді.

Дана Есеева, бизнесвумен, көпбалалы ана

- Менің ең бірінші сұрағым болғаны ол өз балаларыңыз бар ма, немереңіз бар ма? Сондай сұрақтарды қойдым және де бала күтушіні жұмысқа алған кезде оны айдаладан емес, туыстарымның, құрбыларымның кеңесімен алдым.

Өз перзентін өзгенің тәрбиесіне беру оңай емес. Алайда ел алдында жүріп, жеке кәсіпте де табысқа жету үшін, жұлдыздар осындай жанкештілікке дайын. Тіпті қыруар қаражат төлеуде де аянып қалмақ емес.

Дана Есеева, бизнесвумен, көпбалалы ана

Менің күтушім айтқан бағаны беріп жатырмыз енді