«BTS» АҚШ-та «Жыл феномены» марапатын қанжығалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танымал музыка индустриясының өкілдері АҚШ-та өткен «Radio Disney Music Awards» шарасына жиналды. «Джонас Бразерс», Аврил Лавин және Стив Аоки сынды өнерпаздар бастаған марапат 6 жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Музыка саласына әкелген ерең еңбектері үшін жұлдыздар арасынан кіл мықтыларды анықтайтын ауқымды жобаның биылғы жеңімпазы атану - корейлік «BTS» тобына бұйырды.

Жаһанға аты мәшһүр бойзбенд «Жыл феномены» номинациясын иеленді. «Radio Disney Music Awards» жігіттерге арнап дәл осы аталымды алғаш рет енгізген-ді. Себебі «Big Hit»-тің өнерпаздары дүние жүзінен фанаттар армиясын жасақтап, ән ғана емес, билерімен де көптің қызығушылығын оятқаны мәлім.

Алайда, салтанатты кеште қанжығаларына байланған марапатты кей-поп өкілдерінің өздері келіп, алып кете алмады. Себебі, серілер дәл қазір әлемдік турнеде жүр.

«BTS» тобы:

- Хееей, салем баршаңызға! Сенім артып, қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіреміз. Біз сіздерді жақсы көреміз!

Тыңдармандарымен 6 жылдық үзілістен кейін қайта қауышқан Аврил Лавин тек қонақ ретінде әндерін шырқады. «BTS»-тен өзге, Стив Аоки "Various Artists - Zero Gravity" аталымы бойынша үздік шықты.