«Jonas Brothers» тағы да топ жарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, BILLBOARD чарты Димаштай дүркіреткен жұлдыздар деңгейлес болмаса да, өзіндік рекорд орнатқан музыканттар есімін жариялады. Бұл апта, «Jonas Brothers» тобы ең үздік! Ағайынды үштіктің су жаңа «Happiness Begins» жинағы сатылымы жағынан топ жаруда. Саханаға қайта оралған бауырлар, шығармашылыққа қайта білек сыбана кіріскендей! Жаңа альбом, жаңа бейнебаяндар, күні кеше жарық көрген топ туралы байопик соның айқын дәлелі!

Хип-хоп өкілі Фючердің де де беталысы жаман емес! Рэп орындаушы он күн бұрын алғашқы дебьюттық жеке жинағын жарыққа шығарған еді. «Save Me» атауына ие трек, жоғары сатылымға ие туындылар тізімінен табылып, әлемдік музыка сыншыларының оң бағасын иемдленуде.

Кіл мықтылар арасында ньюскул да бар! Жиырма жастағы Polo G майталман муызканттарға дес бермек емес. Өнер өкілінің «Die A Legend» әнжинағы көпке ұнауда. Еске салсақ, бұл хип-хоп орындаушының алғаш рет аталмыш тізімнен табылуы.