MTV Movie & TV Awards!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәстүрлі шараның қызыл кілемінде төбе көрсеткен жұлдыздар образ жасауда қиялдарына шектеу қоймағандай! Сан қилы стильде келгендер аса көңілді!

Еске салсақ, шымылдығын 28-ші рет түрген аталмыш шара кино және телевизия саласындағы мықтыларды анықтайды. Аталмыш шоу, «Оскардың» сатира нұсқасы іспетті.

Ал, көңілді марапатта бір-бір мүсіншені қолтықтап қайтқандар қарасы көп. Мәселен, Дуэйн Джонсон «Өскелең ұрпақ таңдауы» аталымын еншілеп, бір марқайды.

Дуэйн Джонсон, актер:

- Әр адам өз-өзін жасайды. Кім болғысы келетінін өзі шешеді. Мәселен мен, Голливудтың айтқанына бағынбай, өз сара жолымды таба білдім.

Ал, «Тақтар ойыны» картинасы «Үздік шоу» атанса, «Кек алушылар» картинасы «Үздік фильм» марапатына лайық деп танылды. Айтпақшы, одан бөлек «Капитан Марвел» кейпіндегі Бри Ларсон лентадағы төбелес үшін «үздік айқас» жүлдесін иемденді.

Бри Ларсон, актриса:

- Ең әуелі жанымда тұрған дублерларыма алғыс айтқым келеді. Бұл арулар маған төбелесуді үйретіп, Капитан Марвелда дублер ретінде қызмет атқарды.

Элизабет Мосстың «Күңнің әңгімесі» телехикаядағы актерлік шеберлігі де назардан тыс қалмады.

Элизабет Мосс, актриса:

- Көп рахмет МТВ! Бұл жеңіс еңбегімнің жемісі деп білемін!

Көңілді марапат әншілердің әсерлі композицияларымен жалғасын тапты. MTV Movie & TV Awards -тағы Лиззоның өзгеше перфомансы көпке дейін талқыда болары анық