Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір отағасы Арыстанмен ажырасқалы, әлеуметтік желідегі оқырмандарын жұмбақ жаңалықтарымен жиі қызықтырып жүр. Әншінің соңғы посттағы жазбасында жақсылықтың нышаны анық байқалады.

Мөлдір Әуелбекованың тойына шақыру билеті. Күні, айы, жылы әзірге белгісіз. Шақыру билетіне осылай түседі емес пе, иә?))

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- Арман ғой, жәй әшейін. Бәрібір әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын. Әсіресе қыз-келіншектер! Өзімде де үмітім бар. Болашақта тұрмысқа шығу. Егер де адам табылып жатса, мені түсінетін, өнерімді түсінетін, баламды қабыл алатын. Сондай мейірімді, сондай күшті жан болса. Үміт қой енді...

Әуелбекова үмітінің үзілмейтініне, арманының алдамайтынына сенімді. Ал, алдағы уақытта арқа сүйер азаматын жолықтырса, жалғыз ғана талап-тілегі барын жасырмайды.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- Бір-ақ талап шығар сол. Мені баламмен бірге қабылдаса...

Бүгінде бұл бикешті жар таңдауда жаңылыспаудың мәселесі де жиі толғандырып жүр.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- Жар таңдаған кезде... Қазақта сөз бар ғой «Текті жерден қыз ал, текті жерге қыз бер» дейді. Оның отбасын, оның ата-анасы кім, арғы тегі кім, білім қандай. Соның барлығына қарау керек екен.

Әнші жеке өмірімен қатар, шығармашылығын да естен шығарған емес. Дәл қазіргі кадрлар «Сүйген жүрек» атты бейнебаянның түсірілімінен. Екі жарым мың адам ат салысқан инста-сауалнамада, аталған трек топ жарыпты.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- «Сүйген жүрек сұрамайды» деген сөз бар ішінде. Расында махаббат ешқандай материалдық жағдай болсын, қыз бен жігіттің тағысын тағы жағдайлары болсын, оған қарамау керек. Жүрекке әмір жүрмейді. Ғашық болатын адам – ол ғашық болады. Бұл шынайы махаббат пен жалған махаббаттың тартысы.

Видеоға 10 локация таңдалған. Кіршіксіз сезімді суреттейтін су жаңа клип, келер айда жарыққа шықпақ.