Мадоннаның «Madame X» үнтаспасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадоннаның жалынды жанкүйерлері болса, өнерпаздың су жаңа туындыларымен құлақ құрышын қандыруда! Поп-патшайымы көптен күткен «Madame X» альбомының тұсауын кесті.

Төрт жылдан бері шығармашылығымен қуантуды сиреткен әншінің, бұл 14-ші студиялық жинағы. Музыканттың мәлімдеуінше, «Madame X» құпия «агент», яғни әлемді шарлап, бостандық үшін күрескен Мадоннаның өзі. Ал, альбомға, Maluma, Swae Lee, Quavo сынды өнерпаздармен дуэттер де қосылған. Жастармен ән шырқаған поп-патшайымы, ыстығы басылмаған су жаңа тректерге бірнеше бейнебаян ұсынып үлгерген де еді.

Жинақтың жарық көруіне қатысты жаңалықты Мадоннаның өзі сүйіншіледі. Майталман әртіс, Твиттерге «Мадам әр жерде. Менің альбомым дайын» деп, жанкүйерлеріне арнайы жазба жариялады.