Асылхан Төлепов көршінің қызын жүкті қылды! Актер некесіз сәбидің әкесі атанбақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Адамзат»! Ғабит Мүсірепов атындағы өнер ошағының су жаңа қойылымы дәл осылай аталады! Украин жазушысы Мария ЛадОның шығармасынан қазақ тіліне тәжімаланған туындыда: пендешіліктің былығына батқан жандардың шынайы бет-бейнесі айна-қатесіз көрсетіледі. Су жаңа драмаға зорлық-зомбылық, жоқшылық және түсік тастау тақырыптары арқау болған. Спектакльді сахналаған – режиссер Данияр Базарқұлов.

Данияр Базарқұлов, режиссер:

- Әлеуметтік проблемалар. Сондықтан осыны таңдауымның себебі сол болды. Қазір көбісі өздерінің істеген ісін, мойынымен көтермей жатады. Оны басқа бір проблемаларға жауып, шарасыздық, дәрменсіздік деп. Менің айтқым келгені – Алланың берген жанын, Алла ғана ала алады!

Тұсауы кесілген тың спектакльдің басты рөлін Асылхан Төлепов сомдайды. Ұзақ үзілістен соң театр сахнасына қайта оралған актер, көршінің қызын жүкті қылған жігіттің кейпінде.

Асылхан Төлепов, актер:

- Үсті-басы жыртық, үйі болса анау, әкесі болса анау – алқаш, анасы жоқ. Былайша айтқанда жетім өскен жігіт қой. Әкесі қарамаған. Сол жоқшылықтың кесірінен сондай қадамға барды. Басқа амал жоқ. Ал сәбидің дүниеге келу үшін, бір адамның өлуі міндетті емес. Біз соны да жеткізгіміз келеді.

Қоғамдағы өзекті тақырыпты таңдаған театрдың әуелде сенімнен гөрі, күдігі басымдау болған. Десек те, тәуелкеге бел буған ұжымның қорқынышы бекер-ақ екен.

Азамат Сатыбалды, театр директоры:

- Бізде қорқыныш болды көрермен қабылдай ма, қабылдамай ма деген. Бірақ бүгінгі, кешегі көрерменнің қабылдауы біздің көңіліміздегі қорқынышымызды су сепкендей сейілтті, қайта қуаныш сыйлады. Осылай да ойнап, осындай формадаға спектакльді жаңа бағытта ұсынуға болады екен.