Димаштың әнжинағы 37 – ақ секундта платиналы альбом атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайбергеннің тырнақалды туындысын тыңдарман тағатын тауыса тосқандай. «iD» альбомы жарық көргені сол-ақ еді, алғашқы 37-секундында оның миллионнан астам данасы саудаға түссе, бір сағаттың ішінде 3 миллионы сатылып кеткен. Америкалық дыбыс жазу компаниялар қауымдастығының берген бағасы бойынша, жинақ «платиналы» атануға әбден лайық.

Өнер иесінің жағымды жаңалығы оның әріптестеріне де майдай жақты! Алайда, Димашқа құттықтауын жаудыра жөнелген жұлдыздар, альбомдағы әндерден мүлде бейхабар болып шықты.

Бейбіт Көшқалиев – әнші

-Шыны керек тыңдаған жоқпын. Біз тек құттықтаймыз, сәттілік тілейміз. Тіл-көзден аман жүрсін. Біздің қазақтың атын шығара берсін.

Зарина Алтынбаева – опера әншісі

-Шынымды айтсам, альбомды әлі тыңдап көрмедім. Димашты, өте биік бағалаймын. Кезінде екеуміз Универсиаданың ашылу салтанатында ән салған едік.

Қаптаған жұлдыздар арсынан, тек Мәдина Сәдуақасова Димаш шырқаған жаңа әндерді жақсы біледі. Бірақ, бикеш те «iD» альбомын алуға әлі асықпайды.

Мәдина Сәдуақасова – әнші

- Негізі альбомның ішіне кіретін әндердің көбісін мен естідім. Өйткені біз Димаш екеуміз үнемі байланыста тұрамыз. Негізі платиновый, азғантай уақыттың ішінде көптеген таралымы, енді ол әлемдік деңгейдегі жұлдыздың көрінісі.

Ал, өзге өнер өкілдері болса, міндетті түрде әріптесімнің туындысын тыңдап, бағасын беремін деп, ақталуға тырысты.

Айдана Меденова – әнші

- Ол жаңалықты естідім, бірақ әлі тыңдап көрген жоқпын. Жақында тыңдаймын, қазір кішкене уақыт болмай кетті. Интернетпен де проблемалар болып кетті, сол үшін қарай алмадым.