#STAROFASIA2019

Сообщить о проблеме с эфиром

Стар оф Эйжа – әлемге аты мәшһүр әншілер бас қосатын алаң. Жыл сайын Алматыда өтетін жоба, биыл да өз ерекшеліктерімен тұрақты көрермендерін таңдай қақтырмақ. Қазіргі сәтте әзірлікке кіріскен ұйымдастырушылар, сахналық қойылымдардың соңғы жұмыстарын пысықтау үстінде!

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- Назгүл ханым, дәл қазір дайындық барысы қызу жүріп жатыр. Биылғы ерекшеліктерді айтыңызшы. Түрлі шоулар, тосын-сыйлар дайындалып жатқан секілді.

Назгүл Қарабалина, қоюшы-режиссер:

- Әрине, міндетті түрде. Біздің көрермендерімізге тосын-сый да бар, шоу да болады. Қазақша айтқанда 2 күн «сұмдық концерт» болады, Құдай қаласа!

- Біз дәл қазір «Алем Бендтің» репетициясына келіппіз. Бұл жігіттер қандай тосын-сый дайындап жатыр?

- Бұл жігіттер... Анау көріп тұрсыздар ғой қара чемодан жатыр. Соның ішінде тосын-сый болады.

Alem Band тобы:

- Әніміз дайын, биіміз дайын. Енді сол би ұжымымен дайындықты өтіп жатырмыз. Бүгін негізі нүктесін қоятын дайындық!

Маусым айының 15-сі мен 16-сы күндері Медеу мұз шатқалында өтетін музыкалық шараның хэдлайнері – оңтүстік кореялық Пентагон тобы. Сондай-ақ бұл кеште жаһан жұлдыздары Дан Балан, әйгілі рэпер МОТ өз фанаттарына ерекше әсер сыйламақ!

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- Шет елдік жұлдыздардың шоу мен би қойылымдары қалай жүріп жатыр?

Назгүл Қарабалина, қоюшы-режиссер:

- Шет елдік әншілер өздерінің командаларымен келе жатыр. біздер жақтан үш әншіге қойылымдар дайындап жатырмыз. Қалғандары өздерінің бишілерімен, қойылымдарымен келе жатыр.

«Азия жұлдыздары» жобасының былтырғы тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына бағытталса, биыл «Жастар жылына» арналып отыр. Екі күндік концертте отандық шоу-бизес өкілдері танымал әндер мен әлемдік хиттерді шырқайды.

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- Бұл музыкалық шоуды әлемнің 118 мемлекеті live-форматта тамашалайды. Ал, қазақстандық көрермендер үшін НТК арнасының эфирінде тікелей трансляция өтеді.