ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗАТЫН ЖҰЛДЫЗДАР

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бармақ басты, көз қыстының» арқасында жұлдыздар заң алдындағы жауапкершіліктен сытылып кетеді деп ойлады көпшілік. Алайда, әсте олай емес! Жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін, танымалдардың талайы айыппұлдан құтыла алмай жүр.

Әділжан Омаров, әнші:

- Айыппұл жиі төлеймін. Бірде, көлікте енді телефонды қолыма ала бергенде, мені жол полициясы тоқтатты. Сол сәтте, ешкіммен сөйлесіп үлгермегенімді айтып, кешірім сұрадым. Жалынып жатып, әрең дегенде құтылдым.

Ал, жол ережесін бұзып, айыппұл төлемегені үшін Анара Батырхан ұшақ бортына кіре алмай қалыпты!

Анара Батырхан, актриса:

- Ең көп төлегенім 20 мыңдай болған шығар. Өзім білмеймін, не үшін екенін. Маған келді. Білмеймін, сол өтірік қой деймін. Мен өзім білмеймін, не үшін төлегенімді. Дорожное ПДД бірнәрсе деп тұрды. Мен өзім білмеймін, не үшін екенін. Бірақ төлеймін. Себебі, мені шетелге жібермей қойды.

Осылайша, аузы күйген Анара Батырхан, айламды асырсам да, бұдан-былай бұл қателікті жібермеймін деп отыр.

Анара Батырхан, актриса:

- Бүгін ғана, регистратор бар ғой, қай жерде 60, қай жерде 40 сонда камераны қойып қойдым. Штраф келмес үшін.

Анастасияның құлағына алтын сырға! Анараның бұл ақылы «амуаждық» арудың кәдесіне жарауы тиіс. Себебі, сылқым әзірге шоу-бизнес өкілдері арасында «жол ережесін жиі бұзатын жұлдыз» аталымының иегері.

Анастасия Клещенко, әнші:

- Қазір қит етсең, айыппұл төлейтін заман. Көбінесе жылдамдық үшін айыппұл төлеймін. Асығыс айдаймын деп камера көзіне түсіп қала берем. Сол үшін, ай сайын 27 000 теңге айыппұл төлеймін.

«Сондықтан, көлікті мен сияқты жылдам айдамаңдар», - дейді әнші. Бұл әуелі қалтаның ғана қамы емес, қауіпсіздік үшін маңызды!