ШЕТЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Сообщить о проблеме с эфиром

Арина Гранденің экс-ғашығы Пит Дэвидсонның атағы асқақтауда. Танымал әншімен сәтсіз махаббат хикаясынан кейін, тележүргізушіге деген көптің қызығушылығы оянған еді. Арудың бұрынғы күйежігітіне дизайнерлер жұмыс ұсыныпты. Сән әлемінің өкілдері, Питті модель ретінде подуимдарға шығарды.

Марго Робби алғаш рет ана атануға қамданып жүр. Ет жақындары актрисаның аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Инсайдерлерің айтуынша, киножұлдыздың жүктілігі үш айдан асыпты. 2016 жылы продюсер Том Акерлиге тұрмысқа шыққан бикеш, бастапқыда тек шығармашылыққа көңіл бөлуге тырысқан-ды. Бүгінде Марго, сәби күтіп жүргенін барынша жасырып қалмақ.

Сандра Буллок өзінің жас кезіне толықтай бір фильм арнамақ. Актриса «Amazon» студиясымен бірігіп биографиялық драма таспалауға кірісті. Бас продюсерлықты қолға алған сылқымға, бұл жобада музыкант Джон Леджендтің өзі қолдау көрсетеді. Су жаңа байопик 1980 жылдардағы бойжеткен, яғни Сандраның бастан кешкен оқиғасын суреттейді.