Queen show Алматыда!

Сообщить о проблеме с эфиром

АҚШ-тан арнайы елімізге ат басын бұрған Марк Мартелдің есімі бүгінде күллі әлемге танымал. «Богемдық рапсодия» фильмінде Queen тобының әндерін шырқаған соң, музыканттың жұлдызы жанды деуге әбден болады.

Марк Мартел, әнші (АҚШ):

- Куиннің әндерін халық әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды. Әр табынушы үшін әйгілі хиттерді жанды дауыста тыңдау - арман. Сондықтан, аты аңызға айналған ұжымның репертуарын орындау мен үшін үлкен құрмет.

Кавер арқылы танылған Марк, 2011 жылы Роджер Тейлордің «Queen Extravaganza» жобасына қабылданады. Сол сәттен бастап, Мартелдің өмірі күрт өзгерді десек, қателеспейміз. Танымалдылығы шарықтап, тыңдарман тарапынан шығармашылығына деген қызығушылық пайда болады. Бұған септігін тигізген тағы бір жәйт бар. Queen тобының табынушылары Марк пен Фреддидің тек дауыстарында ғана емес, түр келбеттерінде де ұқсастықты байқайды.

Марк Мартел, әнші (АҚШ):

- Мен алғашында қатты таң қалдым. Фильмде Фреддидің даусымен хит әндерді шырқап, көптің қызығушылығын оятамын деп ойламаған едім.

Queen шоуға келген қазақстандық тыңдарман зәулім сарайды лық толтырды. Табынушылардың арасында, алпысты алқымдаған әжелерден бастап, Фреддидің образында келген балақайлар да бар.

- Өте ұнады, өзіміз жас кезімізден сол Куинді білеміз ғой, сол группаны. Фреддидің өзінің концертінде отырғандай сияқты сезінеді адам.

- Марк Мартелдің дауысы шынымен де, Киунге өте қатты ұқсайды. Және оның айтқан әуені Куинді есіңе түсіреді.