КАССАЛЫҚ ЖИЫН

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар өткен уик-эндттің үздік картиналарЫ арасынан ТОП – үштікті анықтады. Бұл жолы көрермен көңілінен шығып, кассалық табысымен көш бастаған – «Икс адамдар: Қара Феникс» фантастикалық лентасы.

Айналымдағы алғашқы аптада-ақ бірінші сатыға жайғасқан лента, қоржынын 305 000 000-нан аса қаржыға толтырды. «Marvel Comics» ұсынған туынды «Икс адамдарға» арналған фильмдердің 12-ші бөлімі.

Туынды өзге ғаламшарлық суперқаһармандар арасындағы батыр қыз Джин Грейге арналған. Оның зұлым күшке тап болып, феникске айналуы, жақындарына зиян келтіреді.

Ал «Диснейдің» әйгілі «Аладдин» мульфильміне түсірген ремейгі екінші сатыға көтерілді. 177 000 000 теңге пайдаға кенелген фильм, түпнұсқаның жетістігін қайталамақ ниетте. Уилл Смит, Наоми Скотт сынды танымал актерлық құраммен жасақталған лента, әлем бойынша бүгінде 500 000 000 долларға жуық кіріс көрген.

Өткен аптада көш бастаған «Үй жануарларының құпиясы 2» туындысы 139 000 000-мен үздік үштікке енді. Жаңа хикаямен көрерменге қайта оралған анимациялық картина, адамдармен бір шаңырақ астында тұратын ит-мысықтардың құпиясын ашпақ.