Қазақстандық Диана Еркін Германиядағы «Голос. Дети» конкурсына шақырту алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас өнерпаздың Еуропа дүлділдерін шаң қаптырарлық мүмкіндігі бар ма?

13 халықаралық конкурс! Өзінің қысқа ғана шығармашылық жолында дәл осыншама сайысқа қатысқан Диана Еркін, байқаудан құр алақан қайтып көрмеген. Енді жас өнерпаз, Германиядағы «Голос. Дети» жобасына дайындалуда.

Дидара Рақыш, вокал мұғалімі:

- Украинада өткен «Евровидениеда» жеті елден 11 үміткер келді. Сол үміткерлердің арасында, Диана ең үздігі болып шықты. Сол жақта қонақ ретінде Германияда өтетін «Голос. Детидің» музыкалық редакторы отырған, оның аты Янстен Верена. Ол кісі талантына көз жетіп, осы проектке шақырды.

Германиядағы балалар байқауына шақырту алған қазақстандық тұңғыш өнерпаз ретінде, Диана бұл күндері дайындыққа қызу кіріскен. Сайыс тамыз айында, Франкфурт қаласында өткізілмек.

Одан бөлек, Диана Киевте Стингтің шығармашылығына арналған «Sting tribute show» концертінің қатысушы атанған еді.

Дидара Рақыш, вокал мұғалімі:

- Сол концертте Диана өз өнерін көрсетті. Жақсы деңгейде, бәрі оны жақсы қабылдады. Және де қонақтардың арасында Украинадағы танымал композиторлардың бірі Михаил Брунский көрді.

Қазақ қызының өнеріне тәнті болған сазгер, кейіннен Диананы өзінің «Аладдин» атты мюзиклына шақырады. Онда отандасымызға ханшайымның образы бұйырған.

Диана Еркін, әнші:

- Қазір қызу дайындық үстіндемін. Мюзикл Еуропа, Біріккен Араб Әмірлігі мен Азия елдерінің аумағында сахналанады.

Сәтін салса, аталмыш қойылым Қазақстанда да көрсетілуі бек мүмкін.