Бритни Cпирс папарацииға өкпелі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бритни Сприс папарацциға өкпелі. Майами жағажайында сүйіктісімен демалып жүрген әншінің, тосыннан түсірілген суреттерге көңілі толмаған.

Пайымдауынша, фотографтар Спирстің атағын қолданып қаражат тауып отыр! Яғни, мінсіз мүсінін фотошоппен құртып, көптің назарын аударуды көздеген. Бритни тіпті фанаттарын сөзіне сендіру үшін инстаграм парақшасына пост жариялап, спортпен шұғылданып жүргенін дәлелдеді.

Меган Маркл байырғы хоббиін қайта қолға алды! Патша әулетінің келіні әйгілі «Vogue» журналында редактор қызметін атқармақ. Жуырда ғана тұңғышын босанған экс-актриса аталмыш басылымның күздік шығарлымын әзірлейді. Гарри Ханзаданың жұбайы атанбас бұрын жеке блог жүргізіп, өзге қырынан да танылған еді.

«Disney» студиясы «Салқын жүрек» мультфильмінің сиквелін ұсынды. Су жаңа трейлері Эльза мен Аннаның кезекті хикаясын баяндайды. Қос ханшайым бұл жолы Эрендел құпиясын анықтау үшін түрлі женкештілікке бармақ. Алғашқы бөлімі 1 млрд-тан аса пайда тапқан картинаның жалғасы, 28-қараша күні үлкен экрандарға жол тартады.