Кезінде Кешьюдің фанаты болған бұрымды, атышулы топтың құрамына қалай қабылданды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевпен бірге ән шырқау үшін қандай қадамдарға барды?

Жұлдыздардың жұмбағы жұрт назарынды!

Әуелде «Кешью» тобы құрылғанда Ләззат Сұлтанова 6 жастан енді асқан. Қаршадайынан әнге құштар қыз, 2014-ші жылы республикалық балалар байқауында жүзден жүйрік шығып, ақтық сында атышулы ұжымның алтын құрамымен қосыла ән шырқайды.

KeshYOU тобы:

- Сол сәтте «Ризамын» әнін айтып, сахнаға шыққан болатынмын. 1-ші орынды қанжығама байлап, әпкелерімнің ақ батасын алып, солай үлкен сахнаға бет бұрдым.

Бұл дуэт Ләззатқа жұғысты әрі жемісті болған. Қазіргі таңда өнерпаз қыз Кешьюдің белді мүшесі. Кезінде қиялға ерік беріп, дәл осы топта ән салуды іштей қалағанын да жасырмайды. Бала арман алдамады!

KeshYOU тобы:

- Әрине, бала қиял, бала арман басында болды. Осы топта ән салсам, осы әпкелерімнің жолын берсе деген. Қазіргі сәтте өздеріңіз көріп тұрғандардай осы топтың мүшесі атандым.

Ернар Айдардың да Бесбаевпен ән шырқау үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Мейрамбектің өзі мен өнеріне еліктеп өскен ол, таяуда кумирімен клип түсіріпті. Жетістіктің сыры – әнші ағасының ақылын тыңдап, дер кезінде жанынан табылу!

Ернар Айдар, әнші:

Мейрамбек ағамызбен мен көп ақылдасамын, көп сырласамын.

Ернардың армандары таусылмақ емес. Өнерпаздың ендігі мақсаты –Арынбаевпен дуэт жазу! Көктемде өткен концертінде Медеу ағасынан уәдесін де алып үлгерген.

Медеу Арынбаев, әнші:

Сол кезде айттық. Құдай қаласа үлкен концерттерің оркестрмен бола берсін. Келешекте дуэт те айтып қалармыз деген сөз бар. Айтылған сөз – атылған оқ!