Айдана Меденова Корей елінен жүлделі оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Face of Asia»! Шоу бизнеске қосқан үлесі үшін халықаралық марапат еншілеген Айдана Меденова Кореядан оралды! Енді, әнші шығармашылығын шетелде жалғастырмақ па?

Айдана Меденованың «Face of Asia» халықаралық фестиваліне қатысуы алғаш емес. Алайда, өткен жылы тек қонақ ретінде шақыртылған ол, биыл арнайы марапатты еншілеп қайтты. Корейлік көрермен, сылқымды «Азия елдеріндегі музыка мен шоу-бизнес саласының дамуына қосқан үлесі» үшін жүлдеге лайық деп таныған.

Айдана Меденова, әнші:

- 2-3 ай бұрын Корей елінен хабарласты. Осы «Face of Asiа» фестиваліне тағы да шақырып жатырмыз деген. Бұл жерде «сіз ән айтасыз, әніңізді дайындап қойыңыз, екі костюм дайындап қойыңыз» деп қана айтты. Соңғы уақытқа дейін марапат алатынымды білмедім.

25 елден келген өнер өкілдерімен бір шаңырақ астында бас қосқан Меденова, шарада сүйікті кумирлерін де кездестірген. Олардың арасында Корейдің кіл мықты киногерлері мен к-pop айдолдар да жетерлік.

Айдана Меденова, әнші:

- Корейский сериалдарды қарайтынбыз анам екеуіміз. Сол жерде біздің жақсы көретін сериалдың басты кейіпкері сол қыз болды. Сол қызды марапатта көрдім, жанымда отырды. Мен үшін кішкене таңқарарлық болды.

Ал, айтулы кеште Айдана «Тәтті дауыс» туындысын орындап шықты.

Айдана Меденова, әнші:

- Менің тыңдармандарым Корей елінде өте көп екен. Қазір де жазып жатыр, қазір де хабарласып жатыр. Әрине, Корей еліне ұнап жатса, Корей тілінде де әндер жазуға болады. Ондай жоспарлар бар.

Оның үстіне, келісті келбетті, мінсіз мүсінді Меденоваға түрлі компаниялардан амбассадор атануға ұсыныстар түсіп жатыр. Әзірге әнші ой үстінде. Сондықтан, Айдана шығармашылғын шетелде жалғастыруы да бек мүмкін.