Рианна қашан тұрмысқа шығатынын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианна сылқым ешқашан сыр алдырмайды! Оның жеке өмірі жеті қат сандықта сақтаулы!

Бірақ, енді бұл өткен шақтың еншісінде! Барбадосалық бикеш тұңғыш рет қазіргі жүрегінің жартысы жайлы құпияның кілтін тыңдармандарына ұстатты. «Ocean's 8» картинасының түсірілім алаңынан тапқан құрбысы Сара Полсенге ашылып әңгіме айтқан Рири, 2017 жылдан бері махаббатына бөлеген жанның барын жасырмады.

Сауд Арабиядан шыққан миллиардер Хасан Джамилдің етегінен ұстағалы, өмірі өзге арнаға бұрылған. Толассыз күйбең тірлігі мен шығармашылығын енді ол сүйіктісінен кейінгі сатыға қояды.

Рианна – әнші

Менің күнтізбемде жеке өміріме арналған күндер бар. Яғги, бұл кезеңде мүлде жұмыс жайлы ойланбаймын, ешбір істің басын шалмаймын! Тек, сүйіктімнің жанында болып, сол сәттерден ләззаттанамын!

Мұндай мінсіз қарым-қатынастың соңы дүбірлі тойға ұласуы тиіс емес пе? Сылқымның қашан ана атанары да көпті қызықтырған сауал!

Рианна – әнші

Мен де қалыңдық болғым келеді! Тек, «құдайды күлдіргің келсе, жоспарларыңмен бөліс» демей ме? Нақты, қай күні ақ көйлек киерім белгісіз. Бірақ, сәби сүюді өте қатты қалап жүрмін.

Шығармашылығына ойыссақ! Риридің тың туындыларын тосқандар көп. Бірақ, сәнгерлік һәм косметикалық бренд сынды қосымша бизнестерімен, музыкасын қоса арқалау «нәзік иығына» тым ауырлық ететін сынды! Сондықтан, ән әлеміндегі жаңалығын әлі біраз күтуге тура келеді.