BTS, HAPPY B`DAY!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең көп қаралым, ең көп тыңдалым, ең көп жанкүйер! Осы аталған тіркестердің барлығы BTS-ке тиесілі. Одан бөлек, бойзбендті «Forbes» басылымы ең беделді тұлғалар тізіміне қосса, «Time» журналы жігіттерге «Бүгінгі ұрпақтың көшбасшылары» деген айдар тақты.

Әзірге «Bangtan Boys» өз шығармашылығымен Еуропаны мойындатқан тұңғыш азиялық топ саналады. 2013 жылы дебют алған ұжымның әлем бойынша әйгіленуіне, екінші Wings альбомы септігін тигізген еді. Содан бері, BTS-тың жарық көрген әр туындысы тыңдарман назарынан тыс қалған емес.

RМ, «BTS» тобының лидері:

- Әрдайым тыңдарманның ыстық ықыласына иеміз! Көптеген оқиға мен түрлі сезімдерді бастан өткердік. Сондықтан, бізді осыған жетелеген махаббат күші туралы айтқымыз келді. Ол - жанкүйерлердің махаббаты.

Қазақстандық Армидің де, Бангтандықтарға деген махаббаты шексіз! Сүйікті кумирлерін тек экраннан тамашалап жүрген жанкүйерлер үшін, мемберлерді өмірде көру – үлкен арман.

- Сүйікті ұжымым үшін Корей тілін меңгеріп, сол елге оқуға аттанғым келеді. Мәдениеті мен дәстүрін зерттеп, BTS-ке бір табан жақындай түссем деймін.

- Олардың ешқандай жаман ойлары жоқ, олардың өлеңдері адамдарға көмектеседі.

- Бұрында мен өзімді томпақ, онша емес санайтынмын. Қазір мен өзімді жақсы көре алам. Қалай айтсам, адамдарда самооценка көтеріледі, оларды тыңдау арқылы.

Жанкүйерлерінің ыстық ықыласымен қуаттанған BTS-тықтар болса, дәл қазір «Love Yourself: Speak Yourself» турнесі аясында жер жаһанды аралауда! Әйгілі ұжым, болашақта Қазақстанға да келеді деп сенеміз!