DJ KHALED КІМГЕ АШУЛЫ?

Сообщить о проблеме с эфиром

DJ Khaled-тің Billboard компаниясына өкпесі қара қазандай! Әлемге әйгілі музыкалы чартта үздік атана алмаған рэпер оларды сотқа берді!

Көңілі күпті хип-хоп орындаушының пайымынша, үздік альбом иегерлері тізімінде Tyler, The Creator емес, Khaled-тің өзі бірінші болуы тиіс екен. Әншінің айтуынша, Billboard чарты сатылымы жоғары жинақ иегерлері туралы жалған ақпарат таратып жүр. Мәселен, компания, Shop.com арқылы саудаға түскен туындыларды есепке алмайтын көрінеді. Биллбордтықтардың бұл қадамын әділетсіздікке балаған рэпер, шикілікті заң арқылы шешпек.

Еске салсақ, DJ Khaled «Father of Asahd» жинағын атұстарына арнаған еді. Мамыр айында жарық көрген жинақ, хип-хоп рындаушының 11-ші студиялық альбомы саналады. Онда рэпердің Cardi B, 21 Savage, Lil Wayne, SZA, Post Malone, Travis Scott пен Jay-Z сынды өнерпаздармен құрған дуэттері жетерлік.