Мен де Ержан Максимдей жарып шығамын!

Сообщить о проблеме с эфиром

Интернет жұлдызы – Аминока Ресейлік балалар конкурсының үміткері атанды.Кішкентай өнер иесінің қомақты қаламақы алатыны рас па?

Сегіз жасар Аминоканың әр күні тығыз кестеге түзілген. Қатарластары ұқсап қуыршақ ойнап, гаджеттерді ермек етуге бір сәт уақыты жоқ. Есесіне, кинокартиналар мен жарнамаларға түсу, модельдік мансап, жанкүйерлермен жүздесу сынды жауапкершілігі тым ауыр ауқымды істері шаш етектен. Алайда, кішкентай өнер иесі үшін бұл да аздық еткендей. Енді балақай өзін мүлде жаңа қырынан танытпақ.

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

- Жоспарларымыз әрине көп, актерлық мектепке барса деп жоспарлап жатырмыз. Голос. Детиге қатысып жатырмыз. Әншілікпен, бір жылдан асты. Осы сәтте бізде 7 өлеңі бар. 4 клипы бар Аминаның. Жақын арада тағы бір клип болады, әні барлығы дайын. Оны Иван Бреусов жазып берген.

Әмина ән сайысқа дайындалып жүргенде, киногерлер тарапынан да түрлі ұсыныстар толассыз түсуде. Кішкентай актриса, тек ірі жобаларға қатысуға құлықты!

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

-Әрине өзіміз таңдаймыз, қараймыз, кімдер, қандай фильм, режиссеры кім. Және де одан басқа менеджерларымыз бар, бірінші содан өтеді, содан кейін ұсыныстар бізге өтеді.

Одан бөлек, Аминкаға төленететін қаламақының қомақты болуы да маңызды.

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

- Бастапқы уақытты опыты болмағандықтан, әрине бастапқы уақытта аз төледі. Қазір енді өзіміздің ганорарымызды қоямыз. Мысалы, клиптарға бір баға болса, рекламаға басқа баға, актерский бағасы басқа, фильмдерге түсу.

Кішкентай жұлдыздың анасы тұңғышының қаламақысы кәсіби актерлардан кем түспейтінін жасырмайды. Сондықтан ол, екінші қызын да өнер әлеміне баулуда.

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

- Адиока, саған киноға түскен ұнайды ма? – Иә. Бұл да киноға түсемін дейді, енді Адиока тентектеу, бірақ Аминадан кем деп айта алмаймын.