Асылхан Төлепов, жұбайы жайлы жан баласына неге жақ ашпайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер келіншегі Айсұлудың желідегі белсенділігіне қалай қарайды?

2017-ші жылы шаңырақ көтерген Асылхан, жұбайымен жұрт назарына жиі көрінуді қаламайды. Өнерде танымалдығы артқан актер, жеке өмірін жасырын ұстауға барынша тырысып бағады.

Асылхан Төлепов, актер:

-Адамның жеке өмірі құпия болып қалған да дұрыс сияқты. Өйткені өзіңді ашып, мен осындамын, қазір отбасымызбен мында барамыз деген сияқты сала берсең, біріншіден ол сенің жеке өмірің және біреуге қызық болады деп те ойламаймын, шыны керек!

Асылханның келіншегі әлеуметтік желіде белсенді бикештердің бірі. Алғашқыда қарсылық танытқан отағасы, кейін Айсұлуға рұқсатын беріпті.

Асылхан Төлепов, актер:

- Өзінің инстаграм бар. Инстаграмын жүргізеді. Бірақ мен өзім инстаграм парақшама салып, жарнамаламаймын.

Бір анадан туған бауырлардың өмірлік ұстанымы әр түрлі. Мәселен, Асылханның мінезі тұйық, ал Артур – ашық жарқын. Үлкен Төлепов жанұясындағы жаңалықтарын жұртпен бөлісіп, БАҚ-пен де байланысын үзген емес. Таяуда ғана әке мәртебесін еншілеген актер, ел деморграфиясына үлес қосуға ынтық.

Артур Төлепов, актер:

- Енді бәрі Алланың қалауымен ғой. Бірақ енді өзім 4 деген санды қатты жақсы көремін. Солай болып қалуы мүмкін!

Ал, ағайындыларға әлемнің жарығын сыйлаған жан, әке атанғалы кіші ұлының болмысынан орасан өзгерісті байқап жүр.

Салтанат Бисембаева, А. Төлеповтің анасы:

- Асылхан қай жағынан өзгерді. Балажан, баласын, үйге қатты асығып тұрады. Баласын өте жақсы көреді. Бала дүниеге келгелі, балаға қарау жағынан өзгерді.

Бүгінде Асылхан мен Айсұлудың Алпамыс атты атұстары бар, ал Артур мен Мәдинаның шаңырағында Абылайхан есімді батыр өсіп келеді.