Ерболат Беделхан жұбайынан қомақты қаржы талап етуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлі-зайыптылардың арасындағы ақша мәселесі, отбасылық одаққа кері әсерін тигізбей ме?

«91-дің» танымалдылығы артып, топқа деген сырттағы сұраныс еселенгелі Ерболаттың болмысы мен бизнестегі ұстанымы күрт өзгерген. Тіпті, табысты продюсер жұбайының өтінішін орындау үшін де, ақша талап ететін көрінеді. Мәселен, «Найнти уанның» бір ғана мүшесін 2 сағатқа өнер көрсетуге сұрап алуды көздеген Асыл Беделхан тығырыққа тіреліпті. Бикеш жолдасының қойған қаламақысына қауқары жетпегенін жасырмайды.

Асыл Беделхан, продюсер:

-Эйсті жүргізуші ретінде шақырған болатынмын. Ерболаттың прайсы 1 жарым миллион теңге. Айтқаны бойынша, саған жеңілдікпен 1 миллион 200 мың теңге болады деді. Сондықтан өздерінің прайсы бар. Енді көре жатармыз болашақта!

Бүгінде Асыл продюсерлік мансабындағы мақсатына мықтап кіріскен. Келешекте Ерболаттың келіншегі де, күйеуінің бұйымтайын бизнес-жоспары арқылы орындамақ.

Асыл Беделхан, продюсер:

- Бәсеке, нарық құру үшін – адал болу керек! Бизнесін құра білу керек. Мысалы, болашақта «Найнти уан» мүмкін бізге ұсыныс жіберер. «Жүзіммен» дуэт жасайық деп. Сондай өзімнің прайсым болады. Сонда ондай болмайды, жарайды күйеуім үшін, «Найнти уан» үшін деп.

Қос орталықтың жетекшісі үшін бұл үрдіс үйреншікті. Сондай-ақ, ерлі зайыптылардың үйдегі де, түздегі де әңгімесі табысқа кенелудің жолдары турасында өрбиді екен.

Асыл Беделхан, продюсер:

- Ерболатпен ақылдасамын. Өйткені оның білетіні, тоқығаны көп. Көмектеседі деп айтпаймын, бірақ енді аздап сұрап аламын ақылдарын.

Қыдырәлі мен Қарақат та бір терінің пұшпағын илеп жүр. Бірақ Болмановтың әйелінен ақша алу, үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Отағасы керісінше келіншегінің меншікті мерекесінде жыл сайын концертін өткізіп, Әбілдинаның қайырымдылыққа бағытталған жобаларына тегін жәрдемдеседі.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Қарақаттың ниетін мен екі қолдап қолдадым. Алла ниетті қабыл етеді дейді ғой. Осы туған күнімде мұқтаж ананың біреуіне болса да көмектесейікші деген.