Council of Fashion Designers of America

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаһандық сән өндірісінің саңлақтары үшін «Council of Fashion Designers of America» сарыла тосатын сауық кеші! Дәстүрден жаңылмай, сәнқойлар ерекше стилімен дәл осы патиде көзге түсу үшін барын салады.

АҚШ-тың сәнгерлер кеңесінің пайымдауынша, Дженнифер Лопес биылғы жылдың ең стилді жұлдызы атанды. Ақсүйек бомонд бас қосқан бұл салтанатқа «Ralph Lauren»-нің көздің жауын алатын көйлегін киіп келген әншінің образынан бұрын, мінсіз мүсіні жұрттың назарында болды.

Дженнифер Лопес, әнші, актриса:

- Баршаңызша алғысым шексіз! Мен стильді киінгенді жаным сүйеді. Бала күнімнен өзгелерден бөлініп тұруды қалайтынмын. Ол үшін тіпті әр киімімді жыртып немесе кесіп тастауға да дайын едім. Бүгінгі жеңісім стилистім Робтың да жемісі.

Фэшн өкілдері бас қосқан кештен әпкелі-сіңілілі Хадидтер сырт қалсын ба? Олар да сұлу сымбаты мен әсем образдарын сыншылар талқысына салды. Қос сәнбикемен қатар Эмилия Ратаковски, Биба Рекса және Сиара сынды бикештер де кештің қадірлі қонақтары қатарында бой көрсетті.

Ал, басты марапат - «Жыл дизайнері» атағын Леди Гаганың стилисті Брэндон Максвелл алса, ерлер киімін ұсынатын сәнгер Рик Оуэнс те «үздік сән маманы» марапатын қанжығасына байлады.