Ләйлә Сұлтанқызы семіздіктің «құрбандарына» көмектеспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тележүргізушіні мұндай қадамға итермелеген алаяқтар!

Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақпен ұзақ уақыттар бойы арпалысқанын жасырған емес. Спорт пен дұрыс тамақтануды былай қойғанда, қарын майына липосакция жасатқанын да құпия ұстаған жоқ. Оның едәуір салмақ тастауын түрлі алаяқтар, өз пайдасына асырып, қитұрқы қылмыстарын іске асырғанды. Бұл – Сұлтанқызының беделіне әжептеуір нұқсан келтірді.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Бәрі қандай да бір спамдарға сенеді. Годжи, суретімді қойып қойып паразиттан тазалайды. Соған мысалы сенетін, иланатын адам болып тұр ғой. Менің бір уайымым, соған сенетін қыз-келіншектер салмақ тастамаса ренішін маған айтады. Сізге сеніп алдық қой деп.

Семіздіктен әп сәтте арыламыз деп, сан соғып қалғандардың өкпе-реніші жиілеп кеткен соң Сұлтанқызы, мұндай құрбандарға жәрдемдесуді өз қолына алып отыр. Дұрыс тамақтанудың аса маңыздылығын алға тартқан ол, калориясыз кондитерлік өнімдер желісін ашып, ондағы кей тәттілерді әзірлеуге өзі кіріскен.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Мен осыған дейін, бұның өте қиын екенін білген жоқпын. Қазір мұрынды сұққанан кейін, енді артқа жол жоқ.

Қиялындағы пішімге қол жеткізі келетін жандарға Сұлтанқызының ұсынары бұл ғана емес!

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Қазір осындай көп сұрақ көбейген сайын, осы түрлі жарнамалардың көбейген сайын, қазір мен Мәскеулік клиникамен сөйлесіп жатырмын, олар өздері қосымша дәрі-дәрмек ретінде, қосымша витамин ретінде бір рецепт дайындап беруін өтіндім.

Оны әзірлеуге Ресейдің кіл мықты дәрігерлері мен диетолог мамандары ат салысуда. Ал, алтынмен пара-пар «сиқырлы» рецепт дайын болған соң, Ләйләнің құпия дәрісі дүкен сөрелеріне жол тартпақ!