Джастин Бибер мен Хейли Болдуиннің отбасылық өмірі жұртшылықтың жіті назарында.

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылдың соңында ресми түрде ерлі-зайыпты атаған қос ғашық, енді неке жүзіктерін сатып алды. Сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған сәтінде, 500 мың долларлық сақина ұсынғанды сері!

Бұл жолы Бибер сараңдық танытты. Жас жұбайларға арналған әшекей небәрі 2,680 долларға бағаланған.

Крис Хемсворт кино әлемімен қоштаспақ. Біраз уақыт шығармашылығында мүлгіген тыныштық орнаған «Кек алушылар» жұлдызы, туған жеріне көшуге ниетті. Актер ет жақындарының қасына Австралияға қоныстанбақ. Талай жыл отбасына көңіл бөле алмаған суперқаһарман Тор, көрермендермен қайта қауышар сәтім белгісіз дейді.

Ариана Гранде ютуб платформасында рекорд орнатты. Видеохостингтегі бикештің ресми каналында бүгінде 36 млн фолловер тіркелген. Сылқым жеке өмірінің әр сәтін таспаға тартып, арнайы блог жүргізеді. Жұлдыздар арасында оза шапқан өнерпазды, әйгілі «Биллборд» чарты да «ең үздік әнші» деп таныды.