Леди Гага жанкүйерлерінің үрейін ұшырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага жанкүйерлерінің үрейін ұшырды! Лос-Анджелес қаласындағы шоу концертінде сахнада тұрып, әншінің омақаса құлап түскенін көпшілік бейнежазбаға тартып алып, таратып үлгерген. Биіктігі 2 метрдей декорацияның үстінде өнер көрсеткен бикешті, абырой болғанда қасындағы бишілері құтқарып қалды. Қара құрым халықты шошытып қойғаны болмаса, Гаганың денсаулығына зиян келген жоқ. «Ұялған тек тұрмас»! Сылқым, түк болмағандай ән айтуын жалғастырып кетті.

Бразилиялық аяқдопшы Нейма́рдың күні қараң. Танымал спортшының үстіне арыз түсіп, қыз зорлады деп айыпталуда. Серіні уақыт өткізіп көңіл қосқан аруы, ар-намысымды таптады деп кінәлаған көрінеді.

«ПСЖ» шабылушысы өзіне тағылған қылмысты, жоққа шығарды. Футболшының айтуынша, экс-сүйіктісі жалған жала жауып отыр.

Роберт Паттинсон жаңа Бэмен атанды. «Сумерки» жұлдызы ресми түрде суперқаһарманның роліне бекітілген. «Warner Bros» студиясының әйгілі қара батыры жайлы кезекті лентада бой көрсету үшін Паттинсонға арнайы кастингтен өтуге тура келіпті. Себебі серіге Николос Холт сынды талатты актерлер бәсекелес болған. Есесіне, түсірілімі жуырда басталатын фантастикалық картина тарихында Роберт, ең жас Бэтмен деп танылды.