Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
– Олар өз заманының жұлдыздары. Олар әр кезеңнің хитмендері. Бурак Өзчевит, Роза Зергерлі, Садраддин, Мустафа Сандал. Түрлі ел, түрлі мәдениет. Бірақ бір сахна. Танымалдарды не біріктіреді? Ендеше бірге білейік.
– Қазір біз фан аймақтамыз. Жанкүйерлер кім үшін келді екен? Бірге білейік.
– Қыздар қайырлы күн. Кім үшін келдіңіздер?
– Садраддин.
– Бурак Озчивит. Мен бұл кездесуді 2013 жылдан бері күттім. Түсте ол тамақтанған жерге барып, тары, құрт, жент салынған арнайы сыйлығымды табыстадым.
– Мен фан аймақтан оқушылар мен студенттерді көріп үйреніп қалғанмын. Бірақ бүгінгі кеш бірнеше буын өкілдерінің басын қосты деген рас. 40+ сұлулар да жүр. Ендеше кеттік!
– Біз енді Бурак Өзчевит және өзіміздің Садраддин үшін..
– Чумаков!
– Мустафа Сандал мен Садраддин.
Күткен еңбек ақталды десек артық айтқанымыз емес. Себебі жұлдыздар экслюзивті жаңалықтарымен бөлісті. Мәселен Роза Зергерлі Қазыбек Құрайышпен ауқымды жоба дайындап жатыр екен.
Роза Зергерлі, әнші (Әзірбайжан):
– Қазақстандық әртістермен коллаб жасау жоспарда бар ма?
– иә, міндетті түрде. Бірақ кіммен екені әзірге құпия болсын.Шыны керек, көп әншілеріңіз ұсыныс білді.
– Қайрат Нұртас?
– Иә, Қайратпен де неге түсірмеске.
Әдетте концерт кезінде көрерменге раушан сыйлайтын Роза ханым бұл жолы сахна сыртындағы журналистерді қуантты.
– Күте-күте шаршадық шыны керек. Қазір көңіл-күйімізді көтерген жалғыз нарсе ол Роза Зергерлі сыйлаған мына гүл шоқтары. Ал біз Мустафа Сандалды ары қарай күтеміз.
Сандалдың есігінің алдында да біраз сандалдық. Бірақ басқаларына қарағанда көп күттірмеді.
Мустафа Сандал, әнші (Түркия):
– Димашты қатты сыйлаймын, өнерін бағалаймын. Туған бауырымдай. Басқа да әншілерді тыңдаймын. екі күн бұрын, телефонымда да бар, қазақстандағы жаңа әндерді қарап, зерттедім.Біраз уақыттан соң қазақтың бір әншісімен коллаб жасаймын. Тыңдаңыздар.
Кіммен дуэт орындайтынын ашып айтпады. Бірақ көп әншінің ішінен Димашты тілге тиек еткеніне қарап Құдайберген-тегімен ән жазуға дәмелі ме деп топшыладық. Бізге сұхбат берген соң әнші сахнаға аттанды. Біз Буракты күтіп табжылған уақытта Сандал аренаны әндерімен тербеді.
Сахнаға көп қыздың арманына айналған Бурак Озчивит те шықты. Түрік актерымен отандық жұлдыздар Қайрат Әділгерей мен Дәулет Исраил сұхбаттасты. Ал тыңда мюзик Түрік телехикаяларының саунтрегін орындады.
Айта кетейік, Әділгерей-тегі Озчевиттің Қазақстандағы ресми дауысы.
Қайрат Әділгерей, кино және дубляж актері:
– Сәл жанкүйерлердің вниманесі жетпей ренжіп қалмадыңыз ба?
– Жоқ, бұл қонақ қой. Біз қонақжай халықпыз.
Буракты БАҚ өкілдері ғана емес, жанкүйерлер де қоршады. Сондықтан түрік актерімен кеңінен көсілуге уақыт болмады. Бірақ сахнада басын шалып қалған эксклюзивті жаңалығы жайлы толығырақ сұрап үлгердік.
Бурак Озчивит, актер (Түркия):
– Түрік пен Қазақ ұлтын байланыстыратын ортақ дүниелер өте көп. Сондықтан бұйырса жақында Қазақстанға келіп, қазақстандықтармен ортақ ауқымды жоба істегім келіп жүр. Мүмкіндік болса тың жобалар жасауға дайынмын. Көп рақмет.
Кеш шымылдығын жабу Садраддинге бұйырды. Көрерменнің соңына дейін күткеніне қарап, отандық әншіге бола келгендер баршылық екенін аңғару қиын емес.
Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
– Мега жұлдыздарды бүгінгі кеште біріктірген көрерменнің ыстық ықыласы мен шексіз қошеметі. Өнерге деген махаббаты. Бұған дәлел Алматы аренада жиналған жұртшылық.