Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Диснейдің ең алғашқы ханшайымы «Ақшақар» жаңа бейнеде көрерменге жол тартты. Бұл ремейкте бәрі басқаша. Сонымен кім ең сұлу?
Сұлулыққа таласқан сылқымдардың даусы «Ақшақар» фильмінің қазақша аудармасын көркемдей түскендей. Көрерменге жол тартқан жаңа туынды – 1937 жылғы анимациялық классиканы қайта жаңғыртқан ремейк болып табылады.
Шах Ордабаев, дубляж режиссері, актер:
– Көрермен үшін мына шетелдік фильмдерді қазақшаға дыбыстау практикасын ешқандай қиындықсыз енгізу мақсатында отбасылық фильмдерден бастағанды жөн көрді олар. Классикалық ертегілердің ішінде ең танымалдардың бірі. Сондықтан, бұндай нәрсені дыбыстамау үлкен қателік болар еді.
Фильм алғашқы сәттен-ақ көрерменді сиқырлы әлемге жетелеп, сүйікті ертегіні жаңаша суреттейді. «Ақшақардың» әділдікке деген ұмтылысы мен зұлымдықпен күресі өзгеріссіз қалғанымен, қазақ тіліндегі дубляж - танымал әртістердің орындауында жаңа бояу мен тың әсер сыйлады.
– Кастингтен өттіңіз бе, әлде бірден бекітті ме сізді осы рөлге?
Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:
– Кастингті бір апта күттім. Шақырды. Мен кастингке әрдайым келген кезде өмірімде осы 1ақ кастингке өткен шығармын осы уақытқа дейін. Бір арманым ең басты, басты арманым орындалды. Ол Диснейдің бір ханшайымының даусын дыбыстау. менің ойымша даусымыздың техникасында да, тембрінде де бір жерде ұқсастық бар сияқты.
Айгүл Иманбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса
– Бірден ұсыныс тастады десем болады. Себебі, біздің режиссер Шах енді ол өзі актер ғой. Өзі актер, өзі режиссер болғандықтан ол менің табиғатымды, және менің үнімді даусымды жатқа біледі. Содан бірден айтты: «Айгүл апай, патшайымның үні даусы ол сізсіз. Сіздің даусыңыз керек». Бірден, бір апта өткен жоқ, маған айтты: «Сізді Англия бекітті, яғни патшайымды сіз дыбыстайсыз деді»
Иманбаева-тегі осы жоба үшін шетелден арнайы келген. Тіпті, премьера күні де ұшақтан түсе сала, бірден кинотеатрға асыққанын жеткізді.
– Дубляж кезінде ең көп дубль жасаған актер кім болды?
Шах Ордабаев, дубляж режиссері, актер
– Мен. Мен Ақкөңілді дыбыстадым. Мен енді дубляж режиссері ретінде жаңағы процесстің ішіне үңіліп кетіп, күрделі сахналарды жазам да, уақыт босаған кезде өз кейіпкерімді дыбыстаймын. Ал ол көңілді. Ол ақкөңіл, ол күліп жүреді, әндетіп жүреді. Сондықтан режиссерлықтан актерлыққа ауысу оңай болған жоқ.
Айгүл Иманбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Бастаған кезде 2-3 дубль болды басында және режиссерім Шах мен дыбысымды жазғанда рахаттанып отырды. Керемет, керемет апай, тура осылай деп.
Бұл жолғы актерлердің қатарында Қайрат Әділгерей мен Ақан Сатаевтың да даусы болғанмен, премьерада олар бой көрсетпеді. Ал жаңа жұлдыздар тізімінде әнші Еркеш Хасен Ханзада Джоннатонның вокалдық партиясын орындаған. Айта кетейік, бұл оның дебюттік жұмысы.
Еркеш Хасен, музыкант:
– Әсерім әзірге өзім экраннан көрмегесін білмейм қалай шыққанын. Бірақ жалпы дауысты жазып жатқан кезде бәрі күшті болды деп айтты негізі қасымда тұрған редактор ханым. Соған сенем енді. Сол өзім де қатты толғаныста тұрм. Өйткені үлкен жоба. Сондықтан, осы бір жобада андай бір әлсіз жері болып қалмасам екен деген уайыммен тұрм.
«Ақшақар» фильмінің премьерасы Disney жанкүйерлері мен өнерсүйер қауым үшін айрықша сәт болды. Кешке қазақ және орыс тілдеріндегі дыбыстауға қатысқан актерлермен бірге, ерекше оқиғаның куәсі болуға жиналған құрметті қонақтар да қатысты.
Ayau, музыкант:
– Өзіңізді қай ханшайыммен ұқсатасыз?
– Мені негізі кішкентай кезімде Белоснежкаға ұқсататын. Өйткені шашым қысқа болатын. Ал бірақ негізі өзімді мен Тианаға ұқсатамын.
Жазира Еркін, актриса:
– Золушкамен. Менің актрелық карьерама қатты ұқсайды. Мүмкін сол үшін…
Razziyuwa & Yesssentay, блогерлер отбасы:
– Осылай киініп келу кімнің ұсынысы болды?
– Міне біздің үйдегі ең креативті адам. Менікі жай ғана қолдау.
Фильм аяқталғаннан кейін көрермен толқынысын жасырмады. Қазақша дубляждың сапсы артқанына қуанып, жақсы пікір білдірді.