Дастан Оразбеков Қазақстан бойынша тур өткізбек! Әншінің Орда тобының ыдырауына ықпал еткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерекше стиль, жанкүйерін баурап алатын харизма мен сахнаны қыздыратын энергетика иесі Дастан Оразбековтың сахнада жүргеніне 20 жылдан асты. Бір бойына бірнеше талантты жинап, заман ағымынан қалыспай келетін өнер иесі Қазақстан бойынша тур өткізіп, өңір-өңірдегі көрерменді қуантақ. Осылайша 2023 жылы ұйымдастырылған Dastour араға 2 жыл салып жалғасын тапты.

Дастан Оразбеков, әнші:

– Барлығы 100% жанды дауыста , лайф бэндпен орындалады. Міндетті түрде көп би болады. Энергетикамды100% қалдырып кетемін деп толықтай сеніммен айта аламын.

 

Оңтүстіктен бастау алатын гастрольдік сапар әрі қарай Батыс пен Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылмақ. 4 облысты да қамтитын концерттің соңғы локациялары елордамыз Астана мен Алматы.

 

Дастан Оразбеков, әнші:

– Алматы мен Астанада симфоникалық оркестрмен береміз деген шешім қабылдап отырмыз. Өзім спецэффект болғаннан кейін қатты талап етпейді десең… Сондықтан соңғы терім қалғаншы өнер көрсететініме күмән болмасын.

 

«Өте көп би қойылымдары болады!» - деген Оразбеков қартаюды білмейтін әртістер қатарынан десек артық айтқанымыз емес. Қырықты алқымдаса да қимылы ширақ әнші бабында болуының құпиясымен бөлісті.

Дастан Оразбеков, әнші:

– менің қазіргі девизым спорт және махаббат. Ал енді спорт өзім қазір триатлонмен белсенді айналысамын. Неге триатлонды таңдадым? Бұл жерде ең бастысы кардио. Ал билеп тұрып ән айтатын адамға кардио керек.

 

Еске салсақ, жыл басында ширек ғасырға жуық көрерменнің көзайымы болған «Орда» тобы ақтық концертін өткізіп, жанкүйерлерімен қоштасқан-ды. Ал аты аңызға айналған бойз-бендтің бөлінуі туралы алғаш сөз қозғаған Дастан Оразбеков екен. Әнші топтың мансабы соло карьерасына кері әсер еткендіктен квартеттен кетуді ұйғарған.

Дастан Оразбеков, әнші:

Конфликт деген дүние, қазір бәріміз ержеттік… Бұндағысы бәрі табыс қой. Менің жеке шығармашылығымдағы табыс қарқынды дамып келе жатқандықтан, ал топпен сиреп бара жатқандықтан, мен жігіттерге: «Біз келісімін табайық, таппасақ мен кетейін» деген ұсынысты айттым.

 

Дегенмен топ мүшелерінің ешқайсысы өнер әлемінен алшақтамақ емес. Ерболат Беделхан продюсерлік жұмысын жалғастырса, Есболат мырза өзін жаңа қырынан танытуды көздеп жүрген көрінеді. Ал Дастан Оразбеков өзі қалағандай жеке шығармашылығына кеңінен көңіл бөлмек.