Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
Шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы - Наурыз мерекесіне Aport Mall East аса ыждаһаттылықпен дайындалған. Оған дәлел, сахна төрінде әуелеген көңілді әуен мен қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген фотозона:
Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг департаментінің директоры:
– Апорт молл үшін Наурыз - біз ерекше дайындалатын маңызды мейрамның бірі. Өйткені біз Апорт молл халықтың айтулы мерекені тойлайтын ерекше мекені болғанын қалаймыз. Сол себепті де біз өте ауқымды бағдарлама дайындаудамыз.
Сауда орталығының жоғары деңгейде ұйымдастырған мерекелік шарасына куә болғандардың қарасы қалың. Жиналған қауым Aport Mall East ұжымының көңілді бағдарламасына таңданысын жасыра алмады:
– Біздің балаларымыз өнерлерін көрсетіп жатыр. Халықтың барлығы риза. Наурыз мерекесі құтты болсын.
– Наурыз мейрамы өте тамаша болып жатыр. Таңертең келгенбіз. Жақсы, көңілді. Жақсы өтіп жатыр наурыз мейрамы. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Қайда барса да жол болсын дейді қазағым.
– Өте керемет. Көтеріңкі көңіл күй. Барлығыңызға мейрам құтты болсын. Балалардың концертін көріп қуанып жатырқ.
Aport Mall East мерекелік концертпен шектеліп қалмады. Сауда орталығында сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін асық ату, арқан тартыс сынды ойындардан тұратын жарыстар ұйымдастырылды. Ал жеңімпаздарға ұялы телефон мен спорт залға абономент сыйға тартылды.
Ильзат Рахметжанов, ерікті:
– Бірінші ләңгі ойыны болды. Кім ең көп ләңгі тебеді, сол қатысушы келесі деңгейге өтеді. Ал келесі деңгей ол әрине гір. Бұл жолы ең үздік нәтиже көрсеткен ойыншы 103 рет гір көтерді. Міне солай қатысушылар келесі деңгейге өтіп отырады.
Күн мен түннің теңеліп, шуақты көктемнің бастау алған шағында тойланатын ұлы мерекенің жөні бөлек. Бұл күнді Aport Mall East-та тойлаған халық түрлі эмоцияға бөленіп, мәре-сәре болып тарқасты. Дегенмен сауда үй ұжымы ұсынар сый-сияпат бұнымен таусылар емес:
Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг департаментінің директоры:
– Жақында бізде 2 үлкен ұтыс ойнатылады. Яғни, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары ұтысқа қатысып, 1 миллион теңге және 30-шы наурыз күні күні ойнатылатын пәтер иесі атану мүмкіндігіне ие бола алады.
Қашан да санға емес сапаға мән беретін моллдың көңіл қуантарлық жаңалықтары әлі алда. Яғни, Aport Mall East-тың ресми парақшасында жарияланатын хабарландырулардан қапы қалмаңыз! 1 миллион теңге мен пәтер иесі сіз болуыңыз әбден мүмкін.