Тәуекел Мүслім қаржыдан қиналғаннан киноға түсіп жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

– Махаббат жасқа да, бойға да қарамайды. Екі адамның ойы түйіссе болғаны. Жуырда көрерменге жол тартатын «Биік сезім» фильмінің түсірілім алаңындамыз. Мұндағы кейіпкерлердің екінші жартысына қояр талаптары қандай? Бірге білейік.

 

Махаббат мәңгі тақырып! Алайда екі жүректің бір болуына кедергілер болып жатады. Мәселен бой мәселесі. Дәл осы тақырып аясында «Биік сезім» картинасының түсірілімі басталды.

 

Тәуекел Мүслім, актер:

– Енді бүгін бірінші алғашқы күн. Актерлар тәжірибелі, мықты актерлар. Аружан, Ерлан. Енді тәжірибесі бар актерлармен қиындық туындамайды.

 

Туындыда Тәуекел Мүслім альфонс жігіттің рөлін сомдайды. Сері қазіргі қоғамда махаббатқа мас болып, алданып қалған қыздардың қателіктерін фильмде көрсетеміз дейді:

Тәуекел Мүслім, актер:

– Данияр есімді кейіпкер. Қазір қоғамда бізде көптеген жағдай енді әлеуметтік желіде болғаннан кейін көптеген жаңалықтар оқып жатасың. «Қыздар алданып қалады»; «Ақшаға кредит алып алдап жүрді» жаңағы кездескен жігіттері, ғашықтары, махаббаттары. Сондай кейіпкердің рөлі менде.

Кейіпкері құрбандарының ақшасына шалқып жүрген Тәуекел өмірде отбасын асырау үшін «түрлі қызмет түрін жасап жүрміз» деп сұхбатта ағынан жарылды:

– Продюсерге талап өзгеріп, гонорар құны өсті ме?

Тәуекел Мүслім, актер:

Енді доллар өсіп жатыр. Бізде енді сәл өсті көтердік.

– Қанша?

– Доллармен айтатын болсақ бір енді 500 дің төңірегі ар жақ бержағы. Мен ойлаймын енді бізде қазір Қазақстан киносы дамып жатыр. Бірақ өкінішке қарай кішкене актерлардың гонорар жалақысы төмен болып тұр. Сол сол себептен біз тек қана актерлықпен ғана шектелмей, жүргізіп та кетеміз. Жүргізуші боламыз. Тойға да шығып кетеміз. Амал жоқ енді ақша жетпегеннен кейін сондай қадамға барамыз.

 

Ал қазақ аруы Аружан екі саланы да қатар алып жүргісі келетінін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті:

Аружан Бекболат, актриса, әнші:

– Осы киноға түсіп алайын. Сосын фокусты әншілікке қоямын. Мен негізі әнші болғым келеді.

 

Аружанның кейіпкері кәсіби волейболшы, Сезім атты бойшаң да сұлу қыздың рөлін сомдайды. Қалың көрерменге «Жауап бер» толықметрлі картинасымен танылған актриса бұл жобаға арнайы шақыртумен қабылданған:

Аружан Бекболат, актриса, әнші:

– Арнайы шақырту болды. Менің инстаграм парақшамнан көріп, менің менеджеріме жазған болатын. Осылай солай қабылдандым.

 

Махабббат үштігінің тағы бір кейіпкері ол -Ерлан Пірімбетов. Алғашында өз орнына әріптестерін ұсынған өнер иесі кастинг директорлар қолқа салғандықтан келісуге тура келді дейді:

Ерлан Пірімбетов, актер:

– Жаңа сценаристер айтып жатыр. Арнайы сіз үшін, сізді елестетіп тұр екен сценариді. Жалпы қалай қабылдандыңыз кастқа?

– Мен де айтқам бойы кішкентай балалар бар ғой бізде. Соларды өзім де ұсындым. «Сіздің типажыңыз керек» айтқан соң, келістім.

– Арнайы шақырту болғандықтан гонорардың құнын өсіру немесе талаптар болды ма?

– Жоқ, сенің гонорарым өскеніне біраз болды.

– Қанша?

– Шамамен 5 миллион.

 

Пірімбет-тегі кинода қалталы, адал, сезімі өзінің бойынан биік кәсіпкер жігіттің рөлін сомдайды. Фильмнің басты месседжі – махаббат жолында сыртқы келбет кедергі емес, бастысы екі жүрек бірдей соқса болғаны. Романтикалық комедия маусым айында көрерменге жол тартады.