DNA тобының экс-мүшесі, рэпер Ne1tron шығармашылығындағы үш жылдық үзілістен соң музыка әлеміне қайта қадам басты. «Бұл жай ғана cameback емес, жаңа деңгей», - дейді орындаушы. Музыканттың сахнаға оралуына не себеп? Cұраққа жауап алу үшін біз оның студиясына келдік.
Ne1tron, музыкант,рэпер:
- Музыкаға деген махаббат шығар бірінші кезекте. 3 жылдың ішінде үнсіздіктің ішінде жүрсем де, ән жазуды ешқашан тоқтатпағам.
«Bozjorga» – ескі әуеннің жаңғыруы емес, жаңа заманға сай тың туынды. Ne1tron бұл трек арқылы дәстүрлі мотивтер мен заманауи хип-хопты үйлестірген.
Ne1tron, музыкант,рэпер:
– Клиптің түсірілім процесі қалай өтті?
– Клиптің түсірілімі өте керемет өтті. Ең қиын сәті ол скаутинг уақыты болған шығар, өйткені күн суық кезде біз ізденісте болдық. Қыстың қақаған кезінде түсірдік, сондықтан жаурау деген секілді нәрселер болды.
Ерболат Беделханның продюсерлігімен, бар жағдайы жасалып жүрген рэпер үшін қыстың аязды күнінде бейнебаян түсіру оңай емес. Бірақ, бұл үшін Ne1tron жаңа деңгейге ұмтылыстың белгісі. Экс-жетекшісі екеуінің арасында ешқандай келіспеушілік болмаған.
– Әзірге Ерболат ағадан бөлек жұмыс жасаймыз. Енді мен JUZZ-ден кеткелі бері Ерболат ағамен тек қана бір отырыстарда, жиындарда, болмаса біреудің туған күнінде немесе біреудің әндерінің презентацтяларында ғана кездесіп жүрдік.
Ne1tron, музыкант,рэпер:
Қазір музыканттың шығармашылық дамуын жұбайы Гаухартас Бересова толықтай өз қолына алған. Айбекті ең алдымен өз лэйблының музыкалық продюсері етіп, одан соң жеке шығармашылығын дамытуды жөн санаған.
– Қандай қиындықтар болып жатыр?
– Бір-бірімізді сөзсіз де түсінеміз деп айтуға болады. Музыка жағынан да, өмірде де.
– Мен де үзілістен оралып жатқандықтан, бәрін жаңадан бастап жатқандаймыз. Ал, былай процесстерде ондай қатты қиындықтар болып жатқан жоқ.
Рэпер бұл трекпен тоқтап қалмайтынын айтты. 3 жылдың ішінде біраз ән жазғанын, алдағы уақытта ерекше коллабтармен тыңдарманды қуантатынын жеткізді.
Ne1tron, музыкант,рэпер:
- Жаңа релиздер болады ма?
- Бұл бастамасы. Менің өз басымда тоқтау деген жоқ. Сондықтан арт жағында менде 5-6 релиз дайын тұр. Жұмыс көп, Тағы да біз мен Zag, De lacure үшеуміз «Қазақша мектеп» деген релиз жазып жатырмыз.Сондықтан жұмыс көп.
Айбек Жанысбаев рэп жанрын қазақ музыкасында жаңаша бағытта дамытуды көздеп отыр. Десе де, бұл жолда кедергі көп екенін айтып, ішкі қынжылысын жеткізді.
Ne1tron, музыкант,рэпер:
– Индустрияға толыққанды рэпті ашу үшін кішкене қаражат жетіспейді. Және де адамдардың қолдауы, түсінуі. Бұл жанр Қазақстанда енді-енді басын көтеріп келе жатыр.
Ne1tron үшін бұл – жаңа кезеңнің бастауы. Олай болса, тыңдарманға қуатты тректер сыйлап, биік белесті бағындыруына тілектеспіз!