Блогерлердің мемлекеттен кірістерін жасырғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

195 млн. Әлеуметтік желіде блогерлердің берешегі жайлы жазылған тізім көптің талқысынатүсті! Олардың қатарында актриса Дарья Александрова бар.

Дарья Александрова, актриса, блогер:

14 ақпан маған құзіретті органдардан хабарлама келді. Сол кездегі таңданысымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Екі күн қатарынан демалыс болған соң кірістер комиетінен ешқандай мәлімет ала алмадық. Бұл жағдай уайымымды тіпті үдетті. Осы жаңалықтың әсерінен жағдайым нашарлап, мені бірден дәрігердің бақылауына алды. Өздеріңіз көріп тұрғандай әлі де ауруханадамын.

Хабарламадан соң кіріс-шығысын түгендеуге кіріскен Дарья Александрова бастапқыда қарыздың қайдан шыққанын түсінбеген. Мамандармен кеңескен соң, мынадай болжамға тоқтаған.

 

Дарья Александрова, актриса:

Менің бизнес шотым және бірнеше жеке шоттарым бар. Мен бизнес шотымдағы әр тиынға салық төледім. Бірақ осы картадан екінші картаға 10 мың аударсам, яғни өзімнің бизнес шотымнан жеке шотыма ақша жіберсем, әр аударым үшін салық төлеуге міндетті екенмін. Бірақ түптеп келгенде бұл бір қаржы ғой. Сондықтан Оның әрқайсысын табыс ретінде есептеу қате деп ойлаймын.

 

Кімнің қанша қарыз екені көрсетілген тізімде Алишер Елікбаев, Жания Джуринская, Арман Юсупов сынды біраз танымалдың есімі жазылған. Нақтырақ айтсақ, 594 блогер мен инфлюенсер мемлекетке 53,3 млрд тенге берешек екен.

Айдар Масатбаев, салық эксперті:

Мен қазір осы мәселеге қатысты 2 бьюти блогердің ісін жүргізіп жатырмын. Сондықтан мына деректерді айта аламын. Осы көрсетілген уақытта азамат барлық деректерді жинап, есепші мен эксперттерге жүгініп, тиісті комитетке берешегі жоқ екенін дәлелдеуі керек. Яғни өз шоттары арасындағы аударымдардың тек бір бөлігі табыс екенін және оған салық төленгенін ресми құжаттармен көрсетуі керек. Немесе шотқа түскен қаржының табыс емес екенін дәлелдеуі тиіс.

 

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің TENGRI TV арнасына берген сұхбатында айтылған мәліметтерге сүйенсек, тексеріс жүргізуге республика азаматтарының арыз-шағымы себеп болған. Олар блогерлер шалқып өмір сүріп, қымбат маркалы көлік мініп, салықтан жалтарып жүр деп хабарлаған екен. Маман сыйлық ретінде жіберілген аударымдарға қатысты да пікір білдірді.

TENGRI TV/ Дина Құсайынова, жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендірі басқармасының басшысы:

Физикалық тұлғадан, мәселен анасынан 1 млн теңге аударылды делік. Бірақ анасының табысы мұндай қаржыны құрамауы мүмкін. Мұндай жағдайда сұрақ туындап, тексеріс жүргізілуі заңды. Ал жақыны мұндай ақша жібере алатын халде болса, онда бұл дерек есепке алынады.

Жарнама арқылы ақша тауып отырған кез-келген блогер салық төлеуге міндетті. Осыны есепке алып, желі жұлдыздарына арасында сауалнама жүргізіп, берешегі бар-жоғын сұрадық.

Жазира Еркін, актриса, блогер:

Заңның алдында тазамын. Соны айта аламын. Әрбір табысымнан табысымды төлеп үлгеруге тырысып жүрмін. Осы тексерістен аман-есеен өттім. Маған ешқандай притензия келген жоқ.

Нұрболхан Шарапов, актер, блогер:

Мен салық төлейтін «законопослушный гражданинмын». Жарнама болсын6 салықтың пайызын қалдырмаймын!

Егер азаматтар берілген уақытта берешегі жоқ екенін дәлелдей алмаса, есепшоттары жабылып, салықтық тексерулер тағайындалады. Ал салық төлеуден жалтарғаны расталса, қылмыстық жауапкершілкке тартылуы мүмкін.