Гендерлік Pay Gap біздің кинонарықта да белең алғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кімге керексің?» Экс-әйелінің дәл осы сөзіне шамданған Шерхан Пірназардың кейіпкері шетелге жар іздеуге аттанады. Вьетнамда түсірілген су жаңа туындының концепциясы осындай.

Фильм Вьетнамда түсірілді. Олардың тарапынан талаптар болды ма? Cәбит Рақымбаев, кинопродюсер:

біз министерство культуры вьетнама дейді ғой солармен 6 ай хат жазып, разрешение алып, вьетнамда көшелерді жаптық. Қазақстанда жабу қиын.

 

Продюсердің айтуынша, Вьетнамда фильм түсіремін дегендер, олардың талап-тілегіне құлақ асуы тиіс. Мәселен, елден локал компания жалдап, мамандарын жұмысқа тарту керек. Содан болар шығармашылық ұжымның

70%-ы Вьетнамдықтар.

- Қанша қаржы кетті? Вьетнамда фильм түсіру қиын ба?

- бюджет Қазақстанға қарағанда өте ұлкен. 200 млндай.

 

Фильмнің құнын білдік. Ал оның қанша пайызы әртістерге тиесілі?

Шерхан Пірназар, актер:

осы жобаға қаншы қаржы алғаныңызды айта аласыз ба? Бізге қызық, үнемі құпия дейсіз

Енді осы жобаға дейсіз бе... Енді ортақ бағаға тоқталдық қой.

Сол ортақ бағаның құны қанша

Шамамен, 6-7 миллион.

 

Шерханның гонорары осындай. Ал Пірназартегіндей басты рөлді сомдаған Фариза Ескерместің қаламақысы қанша?

Фариза Ескермес, актриса:

Шерханнан сәл төмен

Шерхан 6-7 млн деді.

Онда әжептәуір төмен.

Өкінішке орай біздің актрисалар актерларға қарағанда аз ақша алады. Әрдайым бізден жеңілдік сұрайды. Біз айтқан соммаларына келіспесек, онда басқа актриса шақыра салады. Жалпы кинода дискриминация бар! Менің соған жаным ауырады.

Айтқаны рас болса, Фаризаның өкпесі орынды-ақ. Бірақ гендерлік пейгап тек Қазақстанда ғана емес, Голливудта бастау алған. . Шарлиз Терон «Белоснежка және аңшы» картинасына Крис Хэмстворттан 10 миллионов доллар аз алған. Актриса ақылға салып, келесі бөлімінде гонорарын қымбаттатқан екен. Мүмкін біздің бикештерге де Шарлиздей талапшыл болу керек болар.

 

«Кәрі қыз» картинасында 300 мыңды місе тұтқан Шараповтың да қалтасына қол сұқтық. Айтпақшы, Нұрболхан фильмде Шерханның досының рөлін сомдайды.

Нұрболхан Шарап, актер:

Мұнда мен 5 млн алдым, қателеспесем.

Қанша алатынын ашық айтатын жалғыз актер

Оның несін жасыра береміз.

 

Вьетнамда түсірілген картина романтикаға толы. Күлкіге қарық қылар сәттері де жетерлік. Бірақ көзге оттай басылғаны – Фариза мен Шерханның сүйісу сахнасы.

Фариза Ескермес, актриса:

Қандай да бір фильмге ұсыныс түскен кезде күйеуіңізбен ақылдасасыз ба?

Иә, ақылдасамын, бірақ «түс-түспе» деп айтпайды.

Қалай ойлайсыз фильмнен кейін қызғана ма?

Білдірмейді ғой. Іштей тынады.

Мансұр Серіков, актер:

Фильмнен қандай әсер алдыңыз. Ұнады ма?

Фильм күшті. Мелодрама, комедияда бар. Сонысымен ерекше.

Абай Асылхан, актер:

Өте керемет, қуанып жатырмын шетелде түсіріліп жатқаны және де актерлық құрамның мықты болғаны. Көруге кеңес беремін.

 

Шерхан мен Нұрболханды Вьетнамда шытырманға толы оқиға күтіп тұр. Мәселені шешу үшін қос дос Фаризаның көмегіне жүгінуге мәжбүр. Басты кейіпкер экс-әйеліне орала ма? Әлде Вьетнамда кездестірген қазақ қызына көңілі түсе ме? Жауабы үлкен экранда.