Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:
Бильярд тапқырлық пен стратегтік қабілетті талап ететін интеллектуалды ойын. Бүгін Мейрамбек Бесбаев бастаған микрофон емес, үстел басында ки ұстаған танымалдардың шеберлігіне куә боламыз.
Жұлдызды өнер бильярдын ұйымдастыру Жайдарманшы, «Байдың балалары» командасының мүшесі Наурыз Рсымов бұйырған. Әзілкеш соңғы 4 жылдан бері танымалдардың басын қосуды әдетке айналдырған.
Наурыз Рсымов, «Медиа бильярд» ұйымдастырушысы:
– Бұрында да жасалған екен, бірақ осы қайта қолға алғанымызға биыл төртінші жыл. Әр жылы қызық бас қосулар болады.
Биылғы медиа бильярдта 16 қатысушы.Сахна саңлақтары мен әзілкештер бақ сынайтын турнирдің бас жүлде қоры да жоқ емес.
Наурыз Рсымов, «Медиа бильярд» ұйымдастырушысы:
– Биыл 16 адам қатысып жатыр. 16-ны екіге бөліп тастадық, бір ойыншы жеті адамды жеңсе, миллион теңге алады. Мен өзім Мейрамбек ағамен түсіп қалыппын. Жеребе ғой енді. Қазір енді ойнаймыз. Ол кісіні ұтуға қорқасың бірақ.
– Сізді кимен дәлдеп атудан алдынан жан салмайды дейді ғой, рас па?
Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Ойбай ол енді асыра сілтеп жіберген мақтау шығар. Шынымен де жақсы көретін бір ойындарымның бірі.. Негізгі кәсібім білесіздер ғой ән айту, домбыра болса, анда-санда ки ұстайтыным бар енді.
«Ки таяғын көптен бері қолыма алмап едім» деген Бесбаев, медиа турнирдің тұрақты қатысушысы екен.
– Қайбір жылы 36 әншінің арасында бірінші орын алып кеткенім бар байқамай.
– Ол кезде қанша болды жүлде қоры?
– Мен теледидар ұтып алғанмын, сол теледидар әлі бар үйімде.
–Жеңімпазға енді бес жүз мың, иә?
– Иә, ақша керек болып тұр бүгін сол қатты ойнаймын-ау. Көп болды ойнамағалы бірақ көрейік бағымызды сынап.
Бильярд үстелінде өзін алғаш рет сынап отырғандар да жоқ емес. Мәселен Әділет Жауғашардың бұл бірінші ойыны, десе де әнші өзін сахнадағыдай еркін сезінді. Жауғашардың қарсыласы - Данияр Хизметов.
– Бірақ бүгін ерекше сенімді ойнап жатсыз. Қарсыласыңыз Данияр, қанша уақыттан бері ойнаған екен?
Әділет Жауғашар, әнші:
– Бірінші орынға бір миллион дегеннен кейін жанымызды беріп жатырмыз да, жерде жатқан ақша жоқ, айналайын.
– Қарсыласыңыз Данияр?
– Қарсыласым орысша сөйлейді, мен мүлдем орысша білмеймін. Енді орысша үйреніп жатырмын.
– Бильярдағы Жандос сахнадағы Жандос сияқты емес екен, иә?
Кішкене ұстамды, әрбір тасқа бір стратегиялық қадам ойлап тұрсыз ғой?
– Енді жинақы болмайды мұнда. «Бильярд» деген психологиялық дайындықты талап ететін ойын ғой.
– Ендеше, сенің кезегің көрейік...
Асығы алшысынан түспей, көңіл-күйі болмаған Еркебұлан Мырзабек, «бүгін қарсыласым мықты», - дейді.
Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші, шоумен:
– Қарсыласым кәсіби ойыншы. Осыдан 2 жыл бұрын кездескенбіз осындай турнирде. Сол кезбен салыстырғанда ойыны деген сұмдық профессионал болып кеткен, өте күшті ойнайды екен. Ойнатпады сөздің ашығы, бильярдта тек салу емес, шарды салдырмау ғой қарсыласыңа. Салдырмады маған кәдімгідей бір мүмкіндік бермей қойды.
Медиа жұлдыздар бас қосқан турнир нәтижесі бойынша 3-орын Нұржан Қалжанға, 2 - орын Айбар Серкебаевқа, ал жеңісті 1-орын Жайдарманшы «Байдың балалары» командасының мүшесі Азамат Орманбайға бұйырды.