«Кәрі қыз!» фильміндегі +18 әзілдер көрермен талқысына түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

Қашан тұрмысқа шығасың? Аруларға 25тен кейін ең жиі жолданатын сауал осы. Мұндай сұрақтан мезі болған сылқымдардың жанайқайын жеткізетін туындыны көруге келдік. Кәрі қыз фильмінің жабық көрсетіліміндеміз.

 

Атауы құлаққа түрпідей тигенімен көрермен комедияны жылы қабылдады. Бұл сөзіме фильмнен кейінгі қошемет анық дәлел. Бәрін басынан бастайық.

 

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:

Қыздардың тұрмысқа шығу мәселесі, қай жаста тұрмысқа шығу деген мәселенің барлығы ол қандай да бір стандарттарға сәйкес келмейді ғой. енді мен бұл жерде ешкімге, тіптен осы қоғамдағы осы жағдайды өзгертіп тастаймын деп айта алмаймын. Бірақ кішкене де болса әсер етеді деп үміттенемін.

 

Фильмде мансап жолында жеке өмірін құрбан еткен Бибігүл есімді арудың

хикаясы баяндалады. 35 жастағы бұл кейіпкерді тағдырласы Толқын Нұрбекова сомдайды. Мамасарипова «аудиториясы бар блогерлер басты рөлге таңдалатын уақытта, Толқын секілді шын таасада қалып қоятынын»,- атап өтті. Тіпті сценарийді актриса Толқынға арнайы жазған екен.

Толқын Нұрбекова, театр және кино актрисасы:

Фильмде білуімізше кейіпкеріңіздің алғашқы махаббаты бетін қайтарғаннан кейін тұрмысқа шықпай қалады ғой. Ал сіздің отбасылы өмірге аяқ баспауыңыздың себебі осымен байланысты ма?

Ол менімен ешқандай байланысы жоқ. Менде ондай бір триггер болатын, травма болатын өмірімде оқиға болған емес. Жәй ғана мен жұмысыма көп көңіл бөлем. Содан ғой уақыттың өтіп жатқаны.

 

Айналасындағылардың «қашан тұрмысқа шығасың»-деген сұрақтарынан әбден мезі болған Бибігүлді құрбысы интернет арқылы танысуға көндіреді. Қызығы, кездесуге ғаламтор арқылы келген сері – алғашқы махаббаты болып шығады. Ал кейіпкердің бала күнгі ғашығын- Рүстем Жаныаманов сомдайды. Бұл жолы актер өзін мүлде болек амплуада көрсетті.

Рүстем Жаныаманов, актер:

Ол біздің жұмысымыз. Қатып қалған ештеңе жоқ. Қызық болады деген оймен жасадық. Не істесек те режиссермен бірлесіп жасаймыз. Іздене келе сол образды жасауға тура келді.

 

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:

Біз трейлерден байқадық. 18+ әзілдер өте көп. Осы жайлы өзіңіз айтып өтіңізші.

Ол әзіл ғана. Кинода категория беретін кезде министрлік қарайды. Біз министрліктің бекіткен категориясымен прокатқа шықтық.

 

Нұрболхан Шарапов, актер, әзілкеш:

18+ әзілдер бар. Импровизация ма? Әлде сценарийге жүгіндіңіз бе?

Сценарийден шыққан сәттер болды. Кез-келген фильмде болады ғой. Актерлердің қосатыны 50/50 шығар немесе 60/40.

Маған гонорар мәселесі қызық?

Өте арзанға түстім.

– Өте арзанға деген қанша?

350 мыңға түстім.

Разысыз ба?

Әрине, Алматыға келгенде ең алғаш қол созған Гүлнұр ханым. Сондықтан Гүл әпкенің қандай да бір ұсынысын қолдауға дайынмын.

 

Мамасарипова әлеуметтік комедиясында бір қыздың тағдыры арқылы біраз арудың мәселесін жеткізді. Өзекті мәселені қозғап қана қоймай, көрерменді күлкіге қарық қылды.

Альмира Тұрсын, актриса:

Әзілмен қосып, күлдік те жыладық та. Сондай әдемі фильм шықты. Қыздарға көруге кеңес беремін.

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

Мен жаңа шығып бара жатқанда да Гүлнұр ханымға айттым «Келінжаннан»шығыпсыз деп. Кей туындыларда әрбір сахнадан кейін не болатынын біліп отырасың ғой. Мұнда ондай жоқ екен.