Ерболат Беделхан мен Баян Мақсатқызы бірлесіп жаңа girls band құрмақ!

0:000:00Качество1  АудиоСубтитры
Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

Ерекшеленуден ұялма! Бұл Ерболат Беделхан мен Баян Алагөзованың аруларға берер кеңесі. Шоу-бизнестің қос алпауыт продюсері бірлесіп, ерекше топ құрмақ. Вокал, рэп, талант және талап бірінші орында. Су жаңа герлзбендтің қалай туатынына дәл қазір куә боламыз.

 

«Баянмен көптен бері ортақ жоба ұсынғымыз келген» деп айтқан Ерболат Беделхан, «iOne» тобының құрамына қанша қызды іріктеп алатынынан хабарсыз.

Ерболат Беделхан, продюсер:

Концепция бар дайын барлығы. Енді сол концепцияға байланысты біз қыздарды жинаймыз. Енді құрамы қанша болады білмейміз ғой. Қанша қыздар келеді, қандай және қыздар келеді. Сол біздің іздеп жүрген қыздарымыз табамыз ба таппаймыз ба.

Баян Мақсатқызы шетелдегі демалысына байланысты кастингке қатыса алмады. Есесіне Алагөзованың сіңлісі, болашақ топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденқызы іріктеуге келген аруларды қатаң сынға алды.

Қыздар көңіліңізден шығып жатыр ма? Кішкене қатаң болып жатқан сияқтысыз?

Бағым Мұхитденқызы, музыкалық продюсер:

Мен кастингте үнемі қаталмын. Өйткені сахна, шоу-бизнес әлемінің өзі мейірімсіз. Қыздар жұмысқа бейімді, талапшыл болуы шарт. Өйткені бұл girls band, бірге ән айтып, бірге билеу соло шыққандай оңай емес.

Кастинг 18-22 жас аралығындағы қыздар арасында өтті. Бірі Q-pop жанрында мықты болса, енді бірі рэп оқудан алдына жан салмады.

Баян ханыммен бірлескен жоба болғандықтан «iONE» тобы «КеshYou» мен «T‘OI»-дің МИКСІ МЕ?

Ерболат Беделхан, продюсер:

Мүмкін,иә.

Бағым Мұхитденқызы, музыкалық продюсер:

Мықтылардың бірлескен миксі болары анық. Алайда дәл қандай екенін айта алмаймын. Өзгеше болары анық.

 

Топтың жанры, стилі қандай боларын әзірге уақыт шешер деп қорытты Мұхитденқызы.

Демек таңдалған, сіздерге ұнаған қыздардың қабілетіне қарай сол жанрда сол стиліде шығады ғой?

Мәселен Кешьюдің сахнада жүргеніне қанша уақыт болса,сол аралықта құрам сан рет ауысты. Әр құрамдағы қыздардың талабына, талғамына, тіпті жасына байланысты стиль де жанр да түрленді. Репертуар ауысты. Бұл ретте соған мән береміз.

 

Кастинг ашық түрде, реалити шоу ретінде өткізілді. Тіпті арнайы түсірілім командасы мен кәсіби мамандар жұмылдырылған.

Баян ханыммен бірге бірлесіп жоба ұсыну кімнің идеясы болды?

Ерболат Беделхан, продюсер:

Жарты жыл болған әңгіме біздің арамызда. Бұл жерде кім ұсынды маңызсыз. Бір емес бірнеше кезігу, бірнеше жобалар, бірнеше ойлар ұсынғаннан кейін түсінікті болды біз бірігіп жұмыс жасау керектігіміз. Сол алғашқы жобаларымыздың бірі осы.

Ал iONE тобының қашан дебют алары әзірге белгісіз. Жоба авторлары арулар дайын болған кезде көрерменді тың репертуармен қуантамыз десті.

Ерболат Беделхан, продюсер:

Бұл жерде дедлайн жоқ.

Қашан дайын болады өздері бле ме?

Иә, себебі алдын ала жаңағы Баян Мақсатқызымен сөйлесіп айтқан кезде біз білмейміз қандай қыздар келетінін. Негізі осы жылы дебют бермекшіміз, дегенмен біздің өзіміздің жоспарымыз бар. Ал нақты мен айта алмаймын. Қалай болады, қашан болады. Бірақ күтіңіздер.