Рамазан Амантай кинопродюсер ретінде өзінің 3-ші толықметрін жарыққа шығарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

«Мәди in China»! Бұл Рамазан Амантайдың кинопродюсер ретінде таспалаған үшінші фильмінің атауы! “Екі ғасыр драмедиясы” деп жар салған туынды авторы, лента барша қандастардың ішкі жарасынан сыр шертеді дейді! Аталмыш картина көрермен жүрегінен орын ала ма? Бірге білейік!

 

Фильм ата-жұрттан өз еліне оралған үш студенттің оқиғасына құралған. Шығармашылық ұжым Көкқанат, Жансойа және Мәдиге қоғамнан көрсетілген буллинг арқылы жырақтан жеткен жақындарымыздың сырын жеткізуді көздеген.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

Ол кісілер атамекенге қайтып көшіп келеміз десе бізде қоғамда кішкене қиыншылықтар бар6 шеттете. Сөйтіп көптеген қандастарымыз үйренісе алмай, біразы қайтып кетіп жатыр екен. Содан... оыс ойдан туған кино

 

Қандастардың мәселен қозғап, фильм түсіру идеясын инвестор бірден қолдаған. Кинопродюсермен ойлары үндескен соң, білек сыбана іске кіріскен екен.

Неге бұл тақырыпты таңдадыз? Әлде бұл сіздің де бір ішкі жараңыз ба?

Мадина Жеңісқызы, «Мәди in China» фильмнің демеушісі:

– Иа, жалпы мен өзім оралманмын. Өзбекстанның тумасымын. Сондықтан болар енді. Кішкене бала кезімізде көшіп келгеннен кейін балалықпен болады ғой бөліп-жару деген. Бірақ енді кішкентай кезіңдегі сол басқаларға қайталанбаса екен деген бір мақсат болды. Себебі жүрекке ауыр тиетіні бар.

Мадина Жеңісқызы қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, басты рөлдің бірін өзі сомдаған. Осы жәйтқа қатысты көптің көкейіндегі сауалды жолдадық.

Мадина Жеңісқызы, «Мәди in China» фильмнің демеушісі:

Мен актриса болған жағдайда ғана инвестор болам деп талап қойдыңыз ба әлде кастинг арқылы қабылдандыңыз ба?

Бір қызығы сіз ғана инвестор деп біліп тұрған шығарсыз. Негізі ешкім білген жоқ. Сіз қайдан білгеніңіз.

НТК бәрін біледі.

Киноның ең соңында ғана продюсер менің демеуші болғанымды жариялады.

ЗКТ: Фильм 200 млнға таспаланған. Кинопродюсер «қаржының біраз бөлігін касттың гонорарын төлеуге жұмсадық»,- дейді.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

– Мен түсіндіріп берейін ендеше. Міне ең қымбат – Нұргүл Мыңғатова ханым. Бұл кісі енді, теңдесіз актриса ғой! Одан кейін қазақ аруы, Аделина да біршама сондай алды. Қалғанның бәрі достарым. Ең аз ақша алған мен ғой. Мүлде ештеңе алмадым.

Фильмде Мақсат Рахмет, Рүстем Жаныаманов сынды кіл мықтылар бой көрсетті. «Басты мақсат актуалды тақырыпты қолдап, көрермен көкейіне ой салу»,-дейді актерлер.

Мақсат Рахмет, театр және актері:

Менің рөлім оқыған, тоқыған, интелегентті, мәдениетті бұзақы. Стереопитпен қашып, өте мәдениетті бұзақыны жасауға тырыстым.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

Ауқымын кішірейтіп алмау керек та бұл туындының. Бұл туынды бүкіл қазаққа арналған туынды. Тек оралман, қандас деген темаға ғана емес.

Дәулет Исраил, блогер, тележүргізуші:

Фильм ұнады, күшті. Біріншіден Әміре, Ақңсаған досымнан кешірім сұраймын. Әзілдеп осылай айтатынбыз ғой. Атак фильм өте күшті. Міндетті түрде көру керек адамдар...Бірлік керек екенін түсіндірген кино.

Мерей Маханов, режиссер:

Өте қызықты оқиға желісі, айтар ойы көп, тақырып жақсы ашылған деп ойлаймын. Расында қазақтар бөлінбеуі керек.

 

Кинопродюсер картина біраз жанның жүрегін тебірентіп, терең ойға батыратынына сенеді. Бастысы айтпақ ой естір құлаққа шалынсын деп тілейміз.