Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит негізін қалаған «ŞAM» театрының Тәуелсіздігіне шектеу қойылғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy:

Театр — нағыз катарсис орны! Ал бұл ұжымның спектакльдеріне интеллектуалды дайындықпен келу керек! Шам өнердің қыры мен сырын танытады, ал сахна оны жандырады! Шам театрының кезекті қойылымындамыз.

Еліміздің ең белгілі труппасының «Конференция» спектаклі араға 1 жыл салып көрерменімен қайта қауышты. Бірақ қойылымның құрылымы біраз өзгерістерге ұшыраған. Оған себеп: саяси көзқарастар.

 

Еркебұлан Дайыров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Спектакльдің атын жаңашалап, біраз тексттерге корректировка етуге тура келді. Оның бәрі саяси қатты қиындалған дүние емес, екі жақтың арасындағы әдемі ымыраның шешімі және сол әдемі шешімнің бүгін елдің алдына конференция болып спектакль өзінің жолын тартты. Ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз!

Театрдың да ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз, Сіздердің бір жарнама роликтеріңіздің өзі толыққанды фильм сияқты , оған қаржы көп жұмсалатын шығар?

Енді жақсы дүние түсіру үшін, жақсы қаражат кетеді.

Азамат Сатыбалды, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Алдыңғы жылы қойылымда сіздің кейіпкеріңіз болмады, ол кейіпкерді шығару үшін арнайы Азамат Сатыбалдыны күтті ме?

Жоқ, былтыр мен репетицияда болдым, бәрін істеп, спектакльге бір ай қалған кезде , мен Казақфильмге кетіп қалдымдағы басыммен сол Қазақфильмнің былығына батып кеттімдағы, бас көтере алмадым. +02:21 Режиссер айтты біз басқа актер алмаймыз, басқа адам іздемейміз кейін қайтып кіресіз деді.+02:41 Өте қуаныштымын осындай составпен жұмыс істегеніме және Фархадпен жұмыс істегеніме.

Тәуелсіз театрда жұмыс жасау, мемлекеттік театрда шабыт жетіспегеннен бе?

Дархан Сүлейменов, актер:

Жоқ. Тәуелсіз театрға келу, ана жақтан өзіңе рөл жетпеген рөл ойнай алмадым ол жақта деген мәселе емес. Бұл жерде бауырларымызды қолдап біріншіден, екіншіден өнер үшін келіп тұрмыз!

«Конференция» спектакліндегі өзекті тақырыптар, режиссер Фархад Молдағали ұсынған сахналық шешімдер, еліміздің үздік өнер қайраткерлерін бір сахнаға тоғыстырған бірегей актерлік құрам спектакльдің жоғары көркемдік дәрежесін көрсетті.

Енді «ŞAM» театрында екі қойылымда да ойнайтын жалғыз актрисаның бірі сізсіз иә? Әріптестеріңіз үшін, жас актрисалар үшін кастинг бола ма жас өнерпаздар кіре ала ма ?

Зарина Кармен, «Серпер» сыйлығының лауреаты, актриса:

Әрине кіре алады, Үшінші спектакліміз басқа болады, одан кейін ары қарай үлкен жұмыс жасағалы жатырмыз, ол жаққа әрине біз кастинг жариялайтын боламыз..Оның арасынан шетріп тұрып таңдайтын боламыз.

Көрермен пікірі:

Еркебұлан Дайыров,Азамат Сатыбалды осы, кісілерді ойыны жүректі қозғайтындай әсер қалдырды маған.Спектакльдің керемет болғаны соншалықты 2 сағат тапжылмай отырдық.

Көп рахмет, актерларға керемет болды. Ендіі мен «ŞAM» театрының көрермені болатын боламын.

Азамат Сатыбалды, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Біз үшін үлкен бақыт, көрерменнің де бізбен бірге өскені! Көрерменнің де интеллектуалды деңгейі де өсіп, бір-бірімізге көмектескеніміз. Саналы парасатты көрерменсіз біз ешкім емеспіз!

Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy:

Кіл мықтылар жиналған ұжымның актерлық ойынында сөз жоқ! Келген көрермен тапжылмай дискуссияға толы конференцияны бір деммен тамашалады! Шам театрының шамы сөнбесін! Ал сіз көрермен, келесі қойылымнан қапы қалмаңыз!