Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar
– Әлеужелінің селебритилері жиналған бұл кеш өзгелерден ерек. Жыл сайын жаңа жасын дүркіретіп атап өтуге тырысатын Дариға Нүркеева, бүгінгі туған күн дастарханына 60 млн теңге жұмсаған. Әнші, блогер, екі баланың анасы Дарикорнның white party-інде қонақтамыз.
Сағат тілі он екіні көрсеткеннен бері құшағы гүл мен сыйлыққа толып жатқан Даридің денсаулығы қызу дайындық барысында аздап сыр бергенін де мәлімдеді.
Daricorn, әнші, блогер:
– Енді үйде жатқанда ауыра бересің ғой. Осы жерге келгеннен кейін жазылып кеттім.
– Сосын сыйлыққа көлікті алған соң жазылып кеттіңіз ба?
– Жазылып кеттім, көлік берсе жазылып кететін сияқты ма, деп жаттым ғой...
Әлемде 1000 данасы бар, М-competition бірдеңе-бірдеңе дейді мен енді білмеймін ондай жағын. Дархан айтып жүрген бұрын, менде кабриолет болды ғой, ол балалармен жүргенде маған кішкене ыңғайсыздау болды. Сол үшін осындай үлкен машина алу керек деп ойлап жүрген ғой, бірақ мен мұндай алады деп ойламадым.
«Құны 150 миллон тұратын көлік те, қымбат пати де Дариғаға аздық етеді, келіншегімді қуанту парызым»,-дейді Дархан Жолшыбеков.
Дархан Жолшыбеков, Daricorn-ның күйеуі, блогер:
– Ол қыз ғой енді, оған осындай жыл сайын туған күн жасап беріп қуанту егер мүмкіндік болып жатса яғни, еркектің парызы сияқты түсінемін.
– Дегенмен, қанша адам қонақ шақырдыңыздар?
– Жүзге жуық қонақ шақырдық
Жолшыбековтың келіншегіне жасаған тосынсыйы бұл ғана емес. Дархан кештің негізгі бөлімін жүргізуге Нұрлан Сабуровты шақырған. «Стендап-комикті Дубайда демалып жатқан жерінен алдырттым» дейді ол.
– Ойда жоқта шешіліп кетті, негізі бұлайынан жасаймыз деп ойлаған жоқпыз. Солай болып қалды өзі.
Сабуровтың міндетіне кешті жүргізу ғана емес, қонақтардың көңілін көтеру де кірді. Комик әдетінше, дастархан басындағы блогерлерді қағытпа әзілдерімен күлкіге бөледі. «Гонорары да тиісінше» болды деген Жолшыбеков, Нұрланның қызметіне қанша төлегенін жасырып қалуды ұйғарды.
– Ол кісі солай өтінді. Шамамен осы тойдың жартысы ғой. Ортақ таныстар бар солар арқылы сөйлесіп келістік.
Bibomen, блогер:
– Бүгін айтты ғой уайт пати деп, мен қайдан білейін бүйтіп киінбейтінін. Мен қатты дайындалып қойғамнмын ғой...
– Сен Пидидидің інісі құсап тұрсың.
Мені білесіздер ғой пародиямен әзілдегенді жақсы көремін, бұл жолы да солай шештім. Оның есесіне көрнекті кештердің бірі болатындықтан неге есте қалмасқа дедім.
Ерекше образы үшін Биболат туған күн иелерінің арнайы сыйлығына ие болды. Ал, Шымкенттен арнайы келген Shiza трендтегі хиттерімен әбден шайқады.
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса:
– Өзім туған күн жасамайтын едім, осы Дарикорндардың туған күнін көріп өзім қызығып қалдым негізі күшті екен. Сыйлық ештеңе алып келген жоқпын. Туған күн иесі бәрі бар, ешнәрсе керек емес деді. Табақ әкелсең де әкеле сал деді. Сосын табаққа тапсырыс беріп қойдым.
Патидің кульминациясы 3 метрлік зәулім сарай пішінді тәтті торт болды. Келген қонақтар «жыл туған күні болды!» деп таңданысын жасырмады.