Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar
Асан Мәжит, Сырым Қашқабаев және Динара Мирасбек – нағыз қанішер жезтырнақ! Аталмыш каст фэнтэзи жанрындағы мистикалық туындыны үлкен экранға ұсынды. Ерек бағыттағы лента көрермен үмітін ақтай ма?
– Фильм фэнтэзи жанрында, не себепті бұл жанрды таңдадыңыз?
Сәбит Рақымбаев, кинопродюсер:
– Өйткені бұл жаңа жанр бізге. Бізге өте қызық болған. Осы қазақ мифологиясын көрсетуге. Біз өзіміздің киномызды мультижанровый кино деп санаймыз, өйткені хоррор бар, мистика бар, комедия бар.
Фильм қазақ фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер – жезтырнақ жайлы. Аталмыш персонаж ежелден адамзатының қас жауы! Жағымсыз кейіпкердің құрбаны Мирас есімді кейіпкерді Есентай Ниязбаев сомдайды. Бұл блогердің дебюті.
Есентай Ниязбаев, актер, блогер:
– Дебютке қарамастан режиссерге рақмет басты рөл беріп, маған сенгеніне. Үміттерін ақтадым деген ойдамын.
– Әріптестеріңіз енді тіс қаққан актерлар, театр әртістері, қалай болды коннект?
Площадкада брат сен мына жерін бүйтіп ойнап жібер деген сияқты подсказкалар болды. Ал мынау «ойбай сен мындайсың сен квнщиксің құры, ой ойнай алмайды екенсің» деп енді менің рөлімді комедийный актер деп санаймын.
Сәбит Рақымбаев, кинопродюсер:
– Түсірілімнің өзі постпродакшнмен қосып 200 млн сондай ақшаға шыққан. Тағы маркетинг бар. Соның бәрін қоссақ жақсы ақша шығады.
Маркетинг демекші, лентаны жарнамалау мақсатта продюсер бастаған ұжым қалаға жезтырнақтардан сақтану жайлы хабарландыру ілген. Ал, халық мұны шынға балап, әкімшілікке шағымданған көрінеді.
– Көбісі шынымен қорқып кетті. Көбісі акиматқа жазған не боп жатыр, жезтырнақ деген кім деп.
Адам қанымен қоректенетін әулеттің еркесін Динара Мирасбек сомдады. Актрисаға дебюттік картинаға түсу оңайға соқпаған. Түсірілім кезінде Динара аттан құлап, денсаулығына қатты зақым келеді. «Коматозды жағдайда терең ұйқыдан ояну, басқа ота мен жарты жылдық еммен алаңға қорқынышпен оралдым», дейді Мирасбектегі.
– Команда қолдады ма?
Динара Мирасбек, актриса:
– Команда продюсер қолдады. Сол кісінің арқасы аяққа тұрдым десем болады. Өте қиын болды тіпті бір сөз айта алмаған кезім болды ғой. Қазір міне шүкір. Сөйлеп тұрмын.
Сәбит Рақымбаев, кинопродюсер:
– Динараның денсаулығына қандай да бір қаржылай көмектесе алдыңыздар ма?- Әрине, біз Динараның емін толығымен өз мойнымызға алып, аяққа тұруына барымызды салдық.
Бір қызығы, «Nomad Stunts» ұжымымен бірлесе түсірген картинада Динараның дублеры болған. Алайда дәл сол сәтте неге кәсіби маманның орнында ат үстінде өзі болғаны Динараға күні бүгінге дейін жұмбақ.
Динара Мирасбек, актриса:
– Мен осы кезді өзім де сұрамадым, тіпті режиссердан да продюсерден да неге менің дублерым отырмады атқа деген сұрақ менде де болған жоқ, сұрағым да келмейді. Себебі Алланың қалауы солай болды, ештеңе етпейді.
Түсірілімі бір жарым жылға созылған картина алдағы уақытта халықаралық жобаға айналып, шетелдерде көрсетілуі әбден мүмкін. Фильм авторлары микс жанрындағы лентаны Вьетнам экранына шығару жайлы келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді.