Сүйінші! Режиссер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлбосын Шалқарова ата-ана атанды! Сәбидің есімі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

– «Мошенники» сериалының режиссері әрі актері Олжас Нұрбай мен актриса Ұлбосын Шалқарова ата-ана атанды! Жұлдыз жұптың шаңырағында үлкен қуаныш, дүниеге ұл бала келді. Міне, қазір Олжасұлын перзентханадан шығару сәтіндеміз.

– Құтты болсын ұлды болғаның. Атын кім қойдыңдар, кім қойды?

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Атын НТК деп қойдық, әзіл... Атын Альтаир деп қойдық. Иә, өзіміз шешіп қойған ат. Енді біздің семьяда ондай әдет-ғұрып, әке-шеше қою керек деген жоқ. Менде 5 вариант болды. Сосын түріне қарап, мінезіне қарап примерно осы келеді-ау деп.

 

Алғаш әке атанған режиссер атұстарын алғашқылардың бірі болып өзі қолына алған. «Бұл сезімді ештеңемен теңей алмаймын»,- дейді Олжас.

Олжас Нұрбай, режиссер:

- Қондым 1-2 күн. Күнде келемін қараймын. Мен андай әкемін сәл еуропалықтар сияқты. Ақыл тоқтатып, біраз жасқа келгендіктен бе мен қолыма алғанда өзімнен мұндай реакция, мұндай инстинкт болатынын күткен жоқпын. Бірден байланып қалғансың ғой балаға.

– Қандай әке боламын деп ойлайсың?

– Мен негізі жұмсақ әке болатын сияқтымын. Ұлбосын айтады сен жұмсақ болатын сияқтысың деп. Бізді әкелеріміз қатты ұстаған енді. Енді көреміз енді. Баланс ұстауға тырысамыз. Бірақ сәл бүйтіп қалады екенсің.

 

Әріптестерін құттықтап Жазира Еркін мен Марат Оралғазин де келді. Актриса жас ата-анаға сыйлық алуды да ұмытпапты.

Жазира Еркін, актриса:

– Мен негізі коляска сыйлағым келген. Сосын мен Ұлбосыннан бірауыз сұрадым сендер не алып қойдыңдар айт маған уишлист жібер деп.

Марат Оралғазин, медиатұлға, шоумен:

– Бұл Ұлбосын негізі бәрін жоспарлап жүретін адам ғой. Олжаста сондай. Ең соңғы түсірілім күні Ұлбосын босанды. Бастапқыда айтты түсіре беріңдер, мен өзім былай ыңғайластырып аламын деді датасын...

Түсірілім алаңында Ұлбосынмен сахналас болған Жазира Нұрбайтегінің ет жақындарына уайымы көзінен білінді дейді.

- Олжас Нұрбайдың уайымы көрініп тұрды ма?

-Иә, уайымдап жатты. Енді ешкімге білдіргісі келмейді ғой. Ұлбосынға ыңғайсыз сияқты, барып қараңдаршы деп нестеп қояды былай.

– Толғағы басталып кетеді деген өздеріңде немесе өзінде қорқыныш болған жоқ па?

Жазира Еркін, актриса:

– Негізінде, ондай болды ғой бір рет. Кішкене толғағым басталды деп оны роддомға алып кетті ғой. Содан бәріміз жанымызды шүберекке түйіп күттік. Бірақ ол күні ештеңе болған жоқ.

Альтаир Олжасұлы 3 келі 500 грамм болып дүниеге есігін ашқан. Немелерін ата-әжесіне табыстап, сұқбатқа асыққан Шалқарова «аналарға мың тағзым»,-дейді.

Ұлбосын Шалқарова, актриса:

- Негізінде жүктілік өте жақсы өтті, ешқандай токсикоз боған жоқ. Құдайға шүкір. Бірақ ең соңғы айларда, сол түсірілім кезінде ісініп кетіп жүрдім.

Алайда актриса гендер патиге дейін қыз босанамын деп ойлаған. Оған себеп:

– Себебі мен тәтті нәрсені көп жеп бастадым, сондықтан ойладым. Сосын андай қыздарыдң киіміне ой деп умиляться ететін болдым