ТМД-ға әйгілі HammAli мен Navai Алматы қаласында кезекті ән кешін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Әр трегі хит - HammAli мен Navai жыл сайын Алматылық тыңдарманды қуантудан жалықпайды. Ал музыка сүйер меломан фанат, қос рэпердің кешіне келе беруден шаршамайды. Бұл көрсеткіш өнерпаздарға деген сұраныстың жоғары екенінің дәлелі. Мега концерттеміз!

2016 жылы құрылған ресейлік рэп-дуэт әлі күнге дейін сұраныста. Репертураларындағы 40-тан аса композицияның әрқайсысы тыңдарман үшін орны төлек туынды. Фанаттар ерекше эмоциялық тебіреніске бөленеді.Тіпті көңіл-күйлері түскен сәтте қос рэпердің тректерін өзін жұбататын терапия ретінде қабылдайды.

HammAli & Navai, рэп-дуэт:

– Көңіл-күйімізге байланысты, жан дүниеміз қалаған нәрсені жасаймыз. Егер мұңайып тұрсақ, қайғылы ән жазамыз. Қуанып тұрсақ ырғақты трек шығарып тастаймыз.

Ал мега әртістердің шабыт көзі – жәй ғана өмір.

 

Трендтен түспейтін Александр Алиев пен Наваи Бакировтың құпиясы – шынайылықта. Қос өнерапаз әндерін жазу барсында, мағынаға аса мән беретіндерін мойындады. Әсіресе, жүрек мәселесінде келгенде қыздарға өздерін бағалауға кеңес береді.

 

– Қыздар біздің әндердіміздің мән-мағынасын түсінеді. Біз нәзік жандылардың өздерін қадірлеуді, бағалауды насихаттаймыз. Аруларға ән арқылы мотивация береміз.

Ал HammAli мен Navai-дің фан-базасын адал фанаттардан құралған. «Балуан Шолақта» нәзік жандылар ғана емес, жігіттер де қауымы толып жүр.

БЛИЦ СҰРАҚТАР:

Негізі жігіттер қауымы да көп, аз емес тыңдайтын. Өйткені махаббат жайындағы тематика болғандықтан, махаббатта жалғыз қыз ғана болмайды. Қыз бен еркек болады ғой.

HammAli мен Navai-ді қашаннан бері тыңдайсыздар?

2017 жылдан бері

6 жастан

Әндерінен көбіне қайғырасыздар ма әлде мотивация аласыздар ма?

Қайғырамын...

Жылаймыз, жылаймыз.

Қай әнінен шабыт аласыздар?

«Если это любовь». «Где ты теперь и с кем?»

Қайғырып, қиналып қайтамыз деп ойлап отырмыз.

Неге махаббатыңыз қасыңызда ғой?

Өлең айтқан кезде бола беретін шығар.

Ерекше мелодичный әндер.

 

HammAli мен Navai-дың плейлистінде отандық әртістердің әндері де бар екен. Қос музыкант кімдерді тындайтынын тізіп айтып берді.

 

Скриптонит* Jah Khalib, *M’Dee, Limba братишка наш.

 

Ал олармен ортақ коллаборацияға келер болсақ, ұсыныс әлі түспеді дейді жігіттер.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

Жанды дауыс, лық толы зал, драйв пен лириканың контрасты. HammAli мен Navai-дың кезекті ән кеші осымен өз мәресіне жетті. Дәстүрден алыстамай энергетикасы бөлек әртістер келесі жылы да бізді қуантады деп үміттенеміз.