Дүрия Қыдырбек; @duriiyа_kydyrbek Биылғы EURASION FASHION KIDS әдеттегіден ерекше. Себебі подиумда ерекше балалар жарқырайды.
EURASION FASHION WEEK аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін kids day ұйымдастырылды. Биыл сән апталығы ғылыми-медициналық қоғаммен бірлесе отырып, ерекше балаларға да сән көрсетуге мүмкіндік сыйлады.
Ирина Байжанова; EFW директоры:
– Подиумда сирек кездесетін қатерлі ісік ауруларына және гемофилияға шалдыққан балалар басқа да кішкентайлармен қатар өнер көрсетті. Осылайша біз олардың да мүмкіндіктері кең екенін көрсеткіміз келді. Көрсетілімнен соң Avenue Montaigne және Guide сән үйлері ерекше балаларға сыйлықтарын ұсынды.
Damira Bal‘ сән үйі Альфа ұрпағына арналған сән топтамаларын ұсынды. Айтуынша бұл ерекшеленуден және стереотиптерді бұзудан қорықпайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған коллекция. Ал пазл плей 2025 жылғы көктем-күз айларына арналған мектеп формаларын таныстырды.
Ким Юрий, дизайнер:
– Біз екі топтама ұсындық. Яғни күнделікті киімдер және мектеп формасының таныстырылымы. Балалармен жасөспірімдердің аралық ерекшеліктеріне, даралығына бағытталған. Біздің киімдер олардың талғамының осы жастан қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.
Сән апталығында көпшілікке балалар контенті арқылы танылған Андрей Гречка бой көрсетті. Ютуб желісі бойынша Қазақстандағы жалғыз Бриллиант батырманың иесі kids fashion day-дың хэдлайнері ретінде таңдалған екен.
Андрей Гречка, блогер:
– Көп уақыттан бері өзімді модель ретінде сынап көргім келіп еді. Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Мені балалар ютубтағы өздеріне арналған түрлі қызықты контентім арқылы таниды. Болашақта әлеуметтік желіден басқа өзімді модель ретінде де көрсетіп, осы қырымды танытсам деймін.
8-маусымның соңғы күні жас дизайнерлер бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Көп ішінен оза шапқан үздік 12 сәнгер топтамаларын ұсынып, нағыз мықты белгілі болды. Жеңімпаз Еуропа Дизайн институтында тегін білім алу мүмкіндігін иеленді.
Жібек Шәріпханова, байқау жеңімпазы:
– Әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бала күнімнен Италиядағы осы білім ордасында оқуды армандадым. Сол қалауым орындалды. EFW ұжымына алғысым шексіз.
EURASION FASHION WEEK-тің екінші күні шоумен – Алан Черкасов көзге түсті. Әнші сән әлемінен хабардар болып қана қоймай, қызына қолдау көрсетуге келген екен.
– Алан Черкасов, әнші, шоумен:
Арнеланың тәжірибесі жетерлік. Үш не төртінші көрсетіліміміз. Дайындық кезеңінде де ата-ана ретінде белсенділік танытуға тырысамыз.
– Арнела Черкасова, модель, А.Черкасовтың қызы:
Маған барлығы ұнады. Ортаға шыққан кезде өзімді сенімді сенімдімін. Келесі жылы да міндетті түрде қатысамын.
EFW сәннің стандартты өлшемге бағынбайтынын дәлелдеді. Алғаш рет томпақ сұлулар подиумға шығып, plus size өлшемді киіммен де трендте болуға болатынын көрсетті. Бұл 8-маусымның басты ерекшелігі. Келесі жыл көрерменді қалай таңғалдыратыны әзірге беймәлім. Әйтседе жарқын сәттерге толы болады деп сенеміз.