Шахризада Серікова түсірілімде оңбай таяқ жеді

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Шахризада Серікова «Супер курьер» картинасында Тимур Бақтыбаевтың ғашығын сомдайды. Әдеттегідей, бай-бақуатты отбасыдан шыққан арудың образындағы Шахризаданың бұл биылдыққа 4 - ші жобасы. Кезекті картинаның түсірілім жұмыстары Серіковаға оңайға соқпаған. Арасында соққы алып қалған кездері де болыпты. Төбелес сахналары кезінде актрисамен каскадерлар арнайы жұмыс істеген.

Шахризада Серікова, актриса:

- Мен өзім үшін спортты тағы қолға алу керектігін түсіндім. Мен ол актерларды каскадерларды шынайы ұрмай, ұрғандай қылып, олар қалай құлайды сондай деген сияқты моменттерді дайындық жасадық.

Фильм курьер жігіттердің өмірі жайлы. Сюжет желісі бойынша Тимур Сабина есімді арумен танысады. Олигарх әкесінен кек алу мақсатында бұзақылар бандасы Сабинаны құрығына түсіруді көздейді. Ғашығын құтқаруды өз мойнына алған курьер жігітке қандықол қарақшылармен жұдырықтасуға тура келеді.

Бақтыбаев болса, картинаның сценариін жазғанда біраз тер төккенін жасырмайды. Төбелес сахналары көп болуын қалаған продюсер алдыңғы жобаларына ұқсап кетпеуіне де баса мән берген.

Тимур Бақтыбаев, продюсер, актер:

- Актерский состав осы жолы мықтырақ жинадым деп тағы да айтуға болады. Еркебұлан Дайыров, Дулыға Ақмолда, Шахризада, жас блогер қыз, актриса, Томирис Жангазиналар, қазақ фильмнің балдары бар.

- Тағы да экшн жанрында, не себепті?

- Себебі маған ұнайтын жанр осы. Қазақстанда да осындай жанрда түсіретін әзірге менің ойымша бір адамдар жоқ сияқты. Қазақстанда қалыптасқан осындай бір жанровый актер-продюсер ретінде қалғым келеді.

Экшн жанрындағы картинаны таспалау - Олжас Ибраевқа бұйырған. Режиссер мен продюсердің бұл ортақ 7-ші жобасы. Бір-бірін сөзсіз түсінетін олар, тандем жақсы шығуы тиіс деп отыр.

- Қазір базарда түсіріп жатсыздар, халық тығыз жерде қаншалықты түсіру қиын? Кедергілер көп бола ма?

Олжас Ибраев, режиссер:

- Көп , әрине. Базарда обычно, бұл рациональное решение деп ойлаймын. Өйткені қазір базар ашық, кәдімгі жүрген шын массовый актерлар шынымен де жүр да. Шын зрительдер. Енді кадрға кіретін болсаңыз, камераға қарамаңыз деп айтып жатырмыз.

Режиссердың айтуынша, картина ең көп актерлық құраммен есте қалмақ. Жобада топтық төбелес сахналары жетерлік. Алайда, экшн жанрын комедияға айналдырып, көрерменді езу тарттыратын кейіпкер де жоқ емес. Ол рөл – жайдарманшы Құттыбай Сағындыққа бұйырған.

- Құттыбай бүгін сізде дебют, қалай әсер?

Құттыбай Сағындық, актер:

-Мен Тимурдың досы болып ойнаймын. Бірге коллега болып жұмыс жасаймыз. Ол төбелеседі, мен төбелесе алмаймын. Қызықты оқиғасы сол.

Тимур мен Құттыбайды аяусыз соққыға жығатын кәсіби каскадерлар. «Қазақ Юнион» ұжымының басшысы Бауыржан Әбішев кино саласындағы жас буынның ынта-талабын ерекше атап өтті.

Бауыржан Әбішев, «Kazakh Union» ұжымының басшысы:

- Жастар өте жақсы. Өйткені қазір спорттық драмалар, спорттық сериалдар көбейіп келе жатқандықтан көбінесе жас актерлардың бәрі дайындығы өте керемет. Қиындық ешқандай тудырмайды

«Супер курьер» экшн-комедиясы 2025 жылдың көктемінде көрермен назарына ұсынылмақ.